Ең арманшыл қазақстандықтар қайда тұрады?

2107

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасаған апталық шолуы.

Ең арманшыл қазақстандықтар қайда тұрады?

liter.kz: "Дипломмен ауылға" жобасы аудандық маңызы бар қалалардағы кадр мәселесін шешпейді" деп жазады басылым. Мұндай мәлімдемені Мәжіліс отырысында Парламент мүшесі Мұрат Теміржанов жасаған. Депутат бұл жобаның тәсілін өзгерту керектігін айтып отыр. Депутат "Дипломмен ауылға" жобасы 2009 жылдан бастап, іске асып келе жатқанын ескертті. Осы уақыт аралығында 54 мың адам мемлекеттен көшу шығындары үшін 12,5 млрд теңге көлемінде ақша алған. Ал 23,5 мың адам үй салуға немесе үй алуға арналған несиеге қол жеткізген. Кей жағдайда жас мамандардың мүддесі үшін келісімшарт талаптары өзгеріп отырған. Алайда депутат бұл жобаның тәсілдерін өзгерту керектігін айтып отыр.

"Біз аудандық маңызы бар қалалар мәселесіне назар аударуды сұраймыз. Белгілі болғандай, бүгінгі таңда ауылдық жерде 5 мың дәрігер жетіспейді, тапшы болған мұғалім мамандарының саны да осындай. Мәселен, Ақмола облысындағы Есіл қаласында 11 мың адам тұрады. Бұл қалада білім, мәдениет және спорт саласының мамандары тапшы, тек денсаулық сақтау саласының өзінде 43 маман жетіспейді.  

Депутаттың айтуынша, жас мамандар аудандық маңызы бар қалаларда жұмыс істегісі келмейді. Себебі, біріншіден, көшу шығындарын төлемейді, екіншіден, үй алуға немесе салуға несие бермейді, үшіншіден, айлық мөлшері ауылға қарағанда 25% төмен.

Сол себептен Парламент мүшесі жоба талаптарын қайта қарау керектігін айтып отыр.

caravan.kz: "Сарбаздың қалжыңы бір адамды мүгедек етті, екінші адамды миллиондаған теңге қарызға батырды" деп жазады басылым. Сарбаздар казармасында болған оқиғаға кінәлі болған жігіттен зардап шеккен адамның туысы алты миллион теңге талап еткен. Басылымның хабарлауынша, оқиға Әуе қорғанысы күштерінің №78639 әскери бөлімінде орын алған. Куәгерлердің айтуынша, жауапты офицер қоластындағыларын бір бөлмеге кіргізіп, теледидар көре тұруды ұсынған, сөйтіп өзі шұғыл жұмыстарымен шығып кеткен. Сол кезде Б.Нұртілеу есімді сарбаз алдында отырған Н.Еламан есімді жігітті желкесінен алып, тергеу барысында көрсетілгендей қылғындыру әрекетін жасаған. Осы сәтте қатардағы Н. өзінен асыра лақтырады. Мұндай болатынын күтпеген сарбаз басымен бетон еденге түседі.

"Нәтижесінде Б.Нұртілеу есінен танып, бас миы шайқалды", - дейді заңгер Гүлнар Қалиева.

Алайда сол сәтте сарбаздар зардап шеккен жігітті ретке келтіріп, аяғына тұрғызады. Сөйтіп бөлім басшыларына орын алған жағдай туралы айтпаймыз деп келіседі. Ал сарбаздың жағдайы күн өткен сайын төмендей берген, оған кіші командирлер мүлдем мән бермей жүрген.

"Бірнеше күн өткен соң басы ауруы қоймаған сарбазды бөлім дәрігерлері Жетіген ауылынан компьютерлің томография жасау үшін Алматыға алып барады. Сөйтіп әскери полицейлер қылмыстық іс қозғайды", деп жазады басылым. 

Басылымның хабарлауынша, Б.Нұртілеу көпбалалы отбасынан. Әке-шешесі Шымкентте пәтер жалдап тұрады. Қазіргі кезде олар балаларына қарау үшін жұмыстан шыққан. Дәрігерлер сарбазға бірнеше рет ота жасаған, қазіргі кезде ол әлі жансақтау бөлімінде. Бір көзі көруден қалып, екінші топтағы мүгедек атанған. Ал жауапты сарбаз шартты түрде 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар зардап шеккен азаматқа моралдық шығын үшін 600 мың теңге төлеу тиіс.

fergana.ru: "Тоқаев Бриджит Бардоның Қазақстанда жануарларға аяусыз қарайды деген хатына жауап жазды", деп хабарлайды басылым. Ресми дерек бойынша, Бриджит Бардоның қоры 10 ақпан күні Тоқаевтан жауап алғанын хабарлаған. Бұл хатты актрисаға Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Галиев жеткізген. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев француз киноактрисасы және жануарларды қорғаушы Бриджит Барданың хатына жауап берді. Өз хатында актриса Қазақстанда көше кезген бұралқы жануарлар жауыздықпен өлтірілетінін хабарлап наразы болған еді.

"Жуырда мен танымал киноактриса Бриджит Бардодан хат алдым, өз хатында ол иттер мен өзге де жануарларды қорғауды өтінген болатын. Мен бұл дұрыс үндеу деп ойлаймын. Біз бұл мәселеге мән беруіміз керек. Біз өзімізді мейрімді халық ретінде көрсетуіміз керек және тек балаларды қорғау мәселесіне ғана назар аударып қоймай, жануарларды қорғаумен де шұғылдануымыз қажет", – деген Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бардо Қазақстан президентіне хатты өткен жылдың желтоқсан айында жазған болатын. "Сіздің елдегі қаңғыбас жануарлардың тағдырын білгендегі үрей мен үмітсіздік мені осы хатты жазуға итермеледі. Иттер мен мысықтардың жауыздықпен ұсталып, варварлық жолмен өлтірілгеніне куәлік ететін фактілер бізге түсіп жатыр. Осылайша көшелерді ит-мысықтардан тазалайтын "Жануарларды бақылау" қызметіне көп ақша төленеді", –делінген Брижит Бардоның хатында.

express-k.kz: "Ең арманшыл қазақстандықтар қайда тұрады?", деп сұрайды басылым. Газет мәліметінше, ең романтик азаматтар Орал мен Петропавл және Павлодар қалаларында тұрады. Ғашықтар күніне орай Қазақтан бойынша Google жүргізген зерттеу осыны көрсеткен. Мұндай рейтинг Ғашықтар күніне орай интернет пайдаланушылардың "махаббат", "гүл", "жүздесу", "валентинка" сияқты сұрау салғандардың санын анықтау арқылы құрылған.

"Петропавлдықтар осы өңірде қыстың ұзақтығына байланысты махаббатты қаласа, оралдықтар пейілдерінің кеңдігінен арманшыл болып келеді екен. Ал астаналықтар бұл тізімнің қақ ортасында тұр", – деп хабарлайды басылым.

Гүлмира Қамзиева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу