Қазақстаннан мықты мамандар кетіп жатыр

3055

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды? Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Қазақстаннан мықты мамандар кетіп жатыр

Qmonitor.kz:"Қазақстанның географиялық жағдайы және оның тарихи даму мүмкіндігі" атты мақала осы газет бетінде жарық көрді. Бұл мақалада автор  "Космические исследования и технологии" атты журналдың бас редакторы Нұрлан Әселқанның пікірін ортаға салған.

Сарапшы Қазақстанның дамуы географиялық деректерге толық тәуелді емес деген ой түйеді. Әдетте мемлекеттің географиялық жағынан қолайлы немесе қолайсыз орналасқаны туралы айтады. Біріншіден, мемлекеттің теңізге жақындығы ескеріледі, екіншіден, "орталықта" немесе "шалғайда" орналасқаны есепке алады. Қазақстан континенталды мемлекетке жатады, яғни теңізге жету үшін бір мемлекетті басып өту керек. Алайда жағдайы бұдан да қиын елдер бар. Мәселен, Өзбекстан мұхит коммуникациясына жету үшін екі мемлекеттен өтуге тиіс.

"Бұл өлшемдер қаншалықты қажет? Мысал ретінде Швейцария, Чехия сияқты елдерді алуға болады. Олардың теңізге шығатын мүмкіндігі жоқ, соған қарамастан бұл елдер көркейіп жатыр немесе Африканың, Латын Американың, Азияның көптеген елдерін алайық. Олар мұхит жағалауында орналасқанымен, бұл фактордың әсері жасырын болып тұрады немесе бұл өңірлердің өзіне тән өзге мәселелері жетерлік. Демек теңізге шығу мүмкіндігі болғаны жақсы, алайда бұл сәтті мемлекеттің дамуы үшін кепіл бола алмайды", – дейді сарапшы.

Мемлекеттің географиялық орналасқан жерін сипаттай келе, сарапшы елдің орналасқан жері қызық екенін атап өткен және бұл жердің мүмкіндігі көп екендігіне тоқталған. Яғни сарапшы Қазақстанның транзиттік әлеуеті жоғары екенін айтып отыр. Ең бастысы белсенділік танытып, мүмкіндікті пайдалана білу керек.

Platon.asia:"Қазақстаннан мықты мамандар кетіп жатыр" деп жазады басылым. Қалыптасқан жағдайды басылым қауіпті деп бағалайды. Себебі жағдай қиындай берсе, мемлекеттің дамуы екі талай. Өйткені мемлекетті дамытатын осы дарынды азаматтар. 

Елден кетіп жатқандар жайлы жақында Елбасы да сөз еткен болатын. Өз сөзінде бұрынғы президент мемлекет азаматтары кетпейтіндей жағдай жасау керектігін айтқан. Басылымның хабарлауынша, елден кетіп жатқандардың басым бөлігі өзге ұлт өкілдері болғанымен, олардың арасында қара көздер де баршылық. Сонымен қатар Қазақстаннан тек жастар кетіп жатқан жоқ, кетушілердің арасында маман ретінде қалыптасып үлгерген азаматтар да бар.

"Соңғы 4 жылда елден кәсіби-білікті мамандардың кетіп жатқанын ескеретін болсақ, эмиграцияның қарқыны жақсы емес. Мемлекеттен өзге ұлт өкілдерінің кетіп жатқаны да алаңдатады, себебі көп ұлттылық – мемлекеттің стратегиялық ресурсы. Соған қарамастан жағдайдың осылай қалыптасқаны мемлекетте бар мәселенін бетін ашып отыр", – деп жазады басылым.

Liter.kz: "Коронавирус салдарынан қазақстандық жұлдыздар қанша ақшадан қағылады" деп сауал қояды аталмыш газет. Басылымның хабарлауынша, СOVID-19 дертіне шалдығушылар саны артып келеді, жағдай қиындаса, үкімет қайтадан карантин енгізуді көздеп отырған жоқ, бірақ шектеулер әлі бар. Бұл шектеулерден ең алдымен әртістер мен мейрамхана иелері зардап шегіп отыр. 

Осыған байланысты басылым тілшілері қазақстандық әншілердің жаңа жылда қанша ақшадан қағылатынын сұрап білген. Танымал әнші Әли Оқапов әртістердің көбісі сахнаға соңғы рет 2019 жылы шыққанын айтқан.

"Карантин ресми түрде наурыз айында енгізілгенін ескерсек, олардың жағдайы қандай екенін білуге болады", – дейді Әли Оқапов.

Қиын жағдайға мейрамхана иелері де тап болып отыр, себебі олар табыстың негізгі бөлігін жаңа жылдық шаралар барысында табады екен. Көптеген адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған мейрамхана иелері өздеріне билік тарапынан қойылатын талаптар жеңілдетілсе дегенді айтады.  Олар бірнеше саланың, соның ішінде ауыл шаруашылығының да ілгері жылжуына септігін тигізеді.

Caravan.kz: Бұл газет Орал қаласының қақ ортасында орналасқан қорық кезекті бизнес-жобаға айналуы мүмкін деген мәселені қозғаған. Мұндай жобаға қала тұрғындары түбегейлі қарсы болып отыр. Бұл мәселеге қатысты арнайы өтуге тиіс қоғамдық тыңдау кейінге қалдырылды. 

Басылымның дерегі бойынша, Қызыл кітапқа енген жануарлар мен құстарға толы 7 мың гектар жер орман қорығының аймағына жатады.  Жергілікті билік бұл жерде құрылыс жұмыстарын жүргізе алмайды. Сол себепті оны орман аймағынан шығарып, қала әкімшілігіне беру жоспарланған. Сонда ғана жергілікті билік бұл жерге көп пәтерлі емес үй салуға мүмкіндік алады.

Алайда қала тұрғындарының айтуынша, бұл шағын орманда көпжылдық ағаштар бар. Кезінде орман шаруашылығының мамандары қосымша көп жылдық ағаштарды отырғызған, қазіргі кезде бұл ағаштар да өсіп, қала көркін келістіре түскен. Жергілікті халық осы шағын орманға келіп демалады, қыс мезгілінде шаңғы тебеді, балықшылар балық аулайды.

Ал жергілікті биліктің өз уәжі бар.

"Қаланы айналып өтетін жол керек. Қалада жүретін көлік саны көбейген сайын, жағдай қиындап келеді. Сондықтан шағын орман арқылы өтетін көпір көп мәселені шешер еді", – дейді қала әкімінің орынбасары Асхат Күлбаев.

Бүгінгі таңда шағын орманға қатысты көтеріліп отырған шудан кейін билік өз жоспарын іске асыра алмай отыр. Осыған байланысты қоғамдық тыңдау да кейінге қалдырылған. Газеттің хабарлауынша, бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдау қарашаның 11-і күні өтуге тиіс болған. Алайда қоғамның наразылығынан соң, бұл мәселені талқылау кейінге шегерілген.

Гүлмира Қамзиева


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу