Еңбекке жарамды халықтың жартысынан көбі өз мамандығымен істемейді. Неге?

1908

Халықтың шынайы табысы кейінгі үш жылда төмендеді.

Еңбекке жарамды халықтың жартысынан көбі өз мамандығымен істемейді. Неге?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, еңбекке жарамды халықтың 60 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Оның негізгі төрт себебі бар, деп жазады inbusiness.kz.

Бірінші, мектеп оқушыларының сауалнамадан өткендерінің 87 пайызы мамандықты ата-анасы немесе ұстаздарының ықпалымен таңдайды.

Екінші, ата-аналардың 75 пайызы баласы қай мамандықты таңдағысы келгенін білмейді немесе біле алмаған.

Үшінші, оқушылардың 90 пайызы мен олардың ата-аналары сұранысқа ие мамандықтарды білмейді. Сауалнамадан өткендердің барлығы дерлік арнайылап ізденіп көрмеген. 

Төртінші, ақпараттың болмауы немесе кәсіптік бағдар бойынша қолданыстағы әдістемелер мен құралдардың тиімсіздігі.

"Басым салаларда еңбекті ұйымдастыру сапасы төмен. Тар және кең бейінді жоғары білікті кадрлар (оның ішінде ғалымдар) тапшы. Бизнес тарапынан отандық ғылымға сенім жоқ. Кадрлық және ғылыми-инновациялық қамтамасыз етудің ұлттық картасы жоқ. ЖОО-лар мен Ғылыми зерттеу институттарында материалдық-техникалық база ескірген", – дейді министр. 

Оның айтуынша, Отандық жоғары білім беру моделі азаматтарға "әлеуметтік лифт" рөлін тиімді орындап, еңбек нарығының сұраныстарына бейімделуі тиіс. Бұл үшін мемлекеттің кезекті индустриялық, энергетикалық және аграрлық саясатына тығыз байланыс болуға тиіс. Жоғары білім беру жүйесі өз өмірін жеке өткізіп, вакуумда дамымауы шарт.

Елдің шынайы табысы төмендеді

"Елде еңбек өнімділі көрсеткіші және жұмыспен қамту мәселесі жоғары деңгейді емес. Соның салдарынан халықтың шынайы табысы төмендеген", – деді Саясат Нұрбек 25 тамызда "Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы" атты ғылым және жоғары білім форумының пленарлық отырысында.

Оның келтірген деректеріне қарағанда, 2019-2021 жылдар аралығында халықтың шынайы табысы 3,3%-ға төмендеген. 

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың 85%-ы бір айда 100 мың теңгеден аз табыс табады, ал 10%-ының табысы күнкөріс деңгейі мөлшеріне жетпейді. 

Табысы күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 2,6%-ға өскен. Жұмыспен қамтылған халықтың 56,3%-ы, яғни 4,9 млн адам өнімділігі төмен еңбекпен қамтылған.

Министрі бұл аталған мәселелер "Халықтың табысын арттыру" бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін шешіледі деп сенеді. 

ЖІӨ-де еңбекақы беру үлесі 2021 жылғы 30,9%-дан 38,4%-ға, кіріс үлесі 70,3 пайыздан (2021 жыл) 82 пайызға артады. 2025 жылы тағы екі млн жұмыс орыны пайда болады деп сенеді министр. 

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу