Инфляция шектен шықты

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
15091

2016 жылдың 12 айының қорытындысында инфляция деңгейі 8,5%-ға жетті.

Инфляция шектен шықты

Үкімет пен Ұлттық банк қанша сендіріп бақса да, 2016 жылы инфляция деңгейі белгіленген 6-8% шегінен асты. Инфляцияның өсуіне тауарлардың барлығы өз "үлесін" қосты – азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанар-жағармай мен газ, киім-кешек пен аяқ киім, коммуналды қызметтер қымбаттады. Жалпы өткен жылы азық-түлік тауарлары 9,7%-ға, өзге тауарлар – 9,5%-ға, ақылы қызметтер – 6,1%-ға өсті.

Ресми мәліметке жүгінсек, 27 желтоқсанда әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының индексі жыл басында 112% болса, желтоқсан айының басында 1,1% болды.

2016 жылдың желтоқсан айында негізгі азық-түлік тауарларының тізімі бойынша ең жоғары баға Ақтау, Алматы және Астана қалаларында тіркелді. Ең қымбат және ең арзан баға айырмашылығы сиыр етіне – 1,3 есе, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан – 1,6 есе, картоп – 1,7 есе, сүт 2 есе қымбаттады.

Жалпы 2016 жылдың басынан бастап шай бағасы 38,9%, дәнді дақылдар 31,3%, жұмыртқа 20,3%, нан 17,2%, қант 17%, кондитерлік өнімдер 16,6%, өңделген және консервіленген көкөністер 15,8%, картоп 15,6%, құс еті 13,8%, салқындатқыш сусындар 13,2%, күнбағыс майы 11,8%, макарон өнімдері 11,3%, жеміс-жидек пен көкөніс шырындары 10,7%, ұннан жасалған өнімдер 10,6% көтерілді.

Қызығы сол, отандық кәсіпорындар өндірген азық-түлік өнімдерінің бағасы да едәуір өскен. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, еліміздің кәсіпорындарында өндірілген дәнді-дақылдар бағасы 37,6%, құс еті 24,9%, қарабидай ұны 20%, бидай ұны 9,4%, қант 19,1%, шай 15,3%, өсімдік майы 15,2%, сүт тағамдары 12,8%, мал еті 10,8%, нан 10,4%, балық 7,2%, макарон өнімдері 4,9% өсті.

Фармацевтика өнімдерінің құны да жыл бойы өсіп, 17,7%-ға жетті, кеңсе тауарлары мен сызу құралдары 14,2%, жеке пайдалану тауарлары 13%, тазарту құралдары 12,3%, тоқыма бұйымдары 11,2%, тұрмыстық заттар 11,1%, шыны және керамика бұйымдары 10,2%, автокөлік 9,2%, киім және аяқ киім 9% өсті.

Денсаулық сақтау қызметтерінің құны 10,1%, жолаушылар көлігі 7,2%, мейрамхана мен қонақүй, сақтандыру, құқықтық қызметтер 7%, демалу, ойын-сауық, мәдениет саласында 6,8%, білім 6,6%, шаштараз және жеке қызметтер құны 5,2% жоғарылады.

Өткен жылдың басынан бастап көтеріліп келе жатқан тарифтер де бағалардың өсуіне өз үлесін қосты, кәріз жүйесінің қызметтері 25,2 %, суық су 12,2%, қоқыс шығару 11%, орталық жылыту жүйесі 8%, ыстық су 7,8%, газ 7,5%, электр энергиясы 6,1% қымбаттады.

Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бағасы 2016 жылы 19,6% қымбаттады, тау-кен өндірушілер 14,1%, өнеркәсіп саласының қызметтері 3,6% өсті. Осылайша өткен жылы өндіруші кәсіпорындарда мазут бағасы 36,6%, дизель отыны 35,3%, сұйылтылған пропан мен бутан 29%, табиғи газ 27%, металл кені 16,3%, мұнай 15%, бензин 13,7%, көмір бағасы 1,4% жоғарылады. Ферроқорытпа бағасы 54,4%, қорғасын 51,9%, қара металл 39,8%, бағалы металл 30,1%, мыс 24,3%, алюминий бағасы 19,6% көтерілгені байқалады.

Еске сала кетейік, үкіметтің болжамы бойынша 2017 жылы инфляция деңгейі 6-8% шегінде болады, кейін 3-4 % төмендейді деп күтілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу