Инфляцияның беті бері қарайды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
2256

Ұлттық банк 2017 жылдың екінші жартыжылдығында және 2018 жылы инфляцияның қарқыны төмендейді деген болжам жасады.  

Инфляцияның беті бері қарайды

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жылына 4 рет болжамдық раунд жүргізіп, оның барысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, ең алдымен ортамерзімді кезеңдегі (алдағы 7 тоқсандағы) инфлцияға болжам жасалады. Алынған болжамдар мен бағалар негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-несие саясаты, оның ішінде базалық мөлшерлеме деңгейі бойынша шешім қабылдайды.

2017 жылдың 18 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі кезекті "2017 жылғы шілде-тамыз" болжамдық раундын аяқтады. Болжам 2017 жылдың III тоқсанынан бастап 2019 жылдың  I тоқсан аралығын қамтыды.

Бүкіл болжамдық кезеңде негізгі сценарий ретінде мұнай бағасының бір баррель үшін 50 доллар деңгейіндегі сценарийі есепке алынды.

Ұлттық банктің болжамына сәйкес, Қазақстандағы жылдық инфляция 2017 жылдың екінші жартыжылдығында  нысаналы 6-8%-дық мақсатты дәліздің жоғарғы шегіне жуық болады, ал 2018 жылы нысаналы 5-7%-дық дәлізге бірте-бірте кіре бастайды (1-сурет).

"Осы жылы ет және жеміс-көкөніс өнімдері нарығында байқалған ұсыныстардың әсері, теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының әлсіреуі, 2017 жылдың шілде-тамыз айында астықтың әлемдік бағасының өсуі, болжамдық кезеңде Ресейдегі инфляцияны бағалауды қайта қарау, сондай-ақ Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі бағаның жоғары өсуінің жылдық қарқыны мен үй шаруашылығында тұтынатын тауарлардың бірте-бірте қалыпқа келуі – осы жылдың соңына дейін Қазақстандағы  инфляцияның серпінін айқындайтын негізгі факторлар болмақ.  Сонымен қатар 2018 жылдың 1-2-тоқсанында бұл әсерлер жойылады деп болжануда. Мұнайдың тұрақты бағасы, ішкі сұраныс тарапынан әлсіз инфляциялық қысым кезіндегі инфляциялық болжамның төмендеуі инфляцияның 2018 жылы нысаналы 5-7% дәлізіне және 2019 жылдың басында нысаналы 4-6% дәлізіне кіруіне әкеледі", – деп реттеуші сарапшылары болжап отыр.

Соңғы бағалауға сәйкес экономикалық өсу қарқыны 2017 жылы 3,1%-ға (алдыңғы болжамдық раундта 2,8%) дейін, 2018 жылы 3,0%-ға (алдыңғы болжамдық раундта 3,6%) дейін дамиды. Өсу қарқынын қайта қарау 2017 жылғы  I жартыжылдықта экономиканың нақты секторындағы қалыпқа келтіру процестерінің  күшеюімен байланысты болды. Өнеркәсіпте минералдық ресурстар, атап айтқанда өңделмеген мұнай және табиғи газ өндіру көлемінің өсуі байқалады. Бұл факт 2017 жылы 81 млн тоннадан 84,5 млн тоннаға дейін өндіру көлеміне қатысты болжамдарды қайта қарауға себеп болды.

Экономиканың қалған салаларында да оң динамика байқалады. Осы  жылы базалық салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделген қысқа мерзімді экономикалық индикатор соңғы алты жылда ең көп деңгейге (өткен жылдың қаңтар-шілде айында 5,5%) көтерілген.

2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында  негізгі капиталдағы  инвестициялардың өсуі 3,2% (2016 жылғы алғашқы жартыжылдыққа) болды. Кәсіпорындардың өндірістік белсенділігінің артуы мен қаржылық көрсеткіштерінің жақсаруынан инвестициялар одан әрі өседі деп болжануда. 2017 жылдың қаңтар-шілде айының қорытындысы бойынша бөлшек тауар айналымының өсу қарқынын 6,4%-ға дейін күшейту және жеке тұлғаларға несие берудің  54,7%-ға өсуі тұтынушылық сұранысты қалыпқа келтіруге негіз болды.

Алайда сұраныстың бұл динамикасы халықтың нақты жалақысы мен табысының қысқаруымен шектеледі. Іскерлік белсенділік пен ішкі сұраныстың көрсеткіштерінің  өсуі – тұтынушылық, аралық және инвестициялық импорттың артуына  әкелді, ал оның өсімі алдын ала алынған мәлімет  бойынша 2017 жылдың  I жартыжылдығында 16,8% болды. Осылайша, 2017 жылдың барынша жоғары базасы 2018 жылғы ЖІӨ-нің өсу қарқынын қайта қарауға ықпал етті.

Болжам  кезеңінде алдыңғы жағдайдағы экономикалық өсу еш өзгеріссіз қалды.

"Ішкі тұтыну, минералдық ресурстар өндіру мен  (Қашаған ықпалы) шығару көлемі ұлғайған кезде негізгі капиталға түсетін инвестициялар өседі  деп болжанып отыр.  Ішкі сұраныстың  ұлғаюы нәтижесінде тұтынушылық және инвестициялық тауарлар импортының өсуі ЖІӨ-нің өсуін тежеуіш фактор болады", – деп атап көрсетті Ұлттық банк сарапшылары.   

Сыртқы сұраныстың динамикасы алдыңғы болжамдық раундтың бағытына сәйкес келеді, оның нәтижесінде  Еуропалық одақтың экономикасы, Ресейдің ЖІӨ өсуінің әлсіз оң қарқыны, Қытайдың экономикалық өсу  қарқынын қалпына келтіру болжанып отыр.

Бір баррель үшін 40 доллар болатын сценарий іске асатын болса, онда жылдық инфляция 2017 жылы нысаналы дәліздің жоғары шегінен аз ғана жоғары және 2018 жылы нысаналы дәліздің жоғары шегіне жетеғабыл болады.

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу