Қазақстан тәуелсіздігі туралы топ-10 дерек

8435

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тұңғыш рет өзін тәуелсіз ел деп жариялады. Бұл күн 16, 17 желтоқсан күндері атап өтілетін ұлттық мейрам. 

Қазақстан тәуелсіздігі туралы топ-10 дерек

1.1990 жылдары ел халқының саны 17 млн-нан 14 млн адамға азайды. Бүгінде Қазақстан халқының саны 18,6 млн адамға жетті.

2. Қазақстандықтар мерекелерді жақсы көреді. Бізде тоғыз мемлекеттік және бір ұлттық мейрам бар. Біздегі мерекелік күндер - 1-2 қаңтар Жаңа жыл, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні, 21-23 наурыз Наурыз,1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күні, 6 шілде Астана күні, 30 тамыз Конституция күні, 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні және 16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні.

3. Қазақстан жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде тоғызыншы орын алады  (2 млн 724,9 мың шаршы шақырым). Ал 7 мың шақырымнан асатын Ресеймен шекарамыз әлемдегі  ең ұзын шекара. Сонымен қатар ел аумағының басым бөлігі көпшілік ойлайтындай дала емес, шөл мен жартылай шөлден құралған. Қазақстандағы далалық аумақ 26%.

4.1997 жылы астанамызды Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ресми шешім шығарылды. Қала Астана атауына ие болды. 2019 жылы Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің құрметіне елорда аты Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.

5. 2019 жылы Қазақстан  Doing Business рейтингінде Исландия (26 орын), Аустрия (27 орын), Ресей (28 орын), Жапония (29 орын) және басқа елдерді артқа тастап 25 орынға ие болды. 2016 жылы 35-ші, 2014 жылы – 77- орында болған еді.

6. Осы  жылдар ішінде Қазақстан тоғыз қылмыстық амнистия жасады, оның 2016 жылғысы тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асты.  Бұл 2016 жылы республиканың 25 жылдығына арналған еді.

7. 28 жылдан кейін ел тізгіні бұған дейін сенатты басқарған Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшті. 19 наурыз күні Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілетін тоқтатты. "Мен және менің замандастарым еліміз үшін қолынан келгеннің бәрін жасадық. Нәтижелері бәріңізге белгілі. Әлем өзгеріп, жаңа ұрпақ келуде. Табиғи нәрсе. Олар өз кезеңінің проблемаларын шешеді. Елімізді одан әрі жақсарта түсуге тырысады деп ойлаймын",-деді ол.

8. 1990 жылдары Қазақстанда зауыттар мен фабрикалартоқтап, дағдарыс басталды. Қазір елімізде 1,3 мың өнеркәсіп орындары жұмыс істеп, өнімдері әлемнің 120-дан астам еліне экспортталады.

9. Осы жылдар ішінде елімізге 1 млн астам отандасымыз оралды. Қазақстанда тұрақты түрде дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтеді. "Оралман" термині заңды түрде "қандас" болып өзгеретін болды.

10. Қазақстан елдің түкпір-түкпіріне жетуге ыңғайлы көлік жүйесін қалыптастырды. Бұрын Астанадан Алматыға пойызбен жүру тәуліктен асса, қазір 12 сағат. Атыраудан Алматыға адамдар 4-5 күнде жетсе, қазір 1,5 тәулік қана.  Қазақстанда 99 халықаралық әуе маршруттары ашылған.   

Айгул Тулекбаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу