Қазақстандықтар киім-кешекті Қытай мен Түркиядан емес, Мьянма мен Үндістаннан әкеле бастады

10792

Қазақстан нарығы алыс шетелдердің тауарымен толыға бастады. 

Қазақстандықтар киім-кешекті Қытай мен Түркиядан емес, Мьянма мен Үндістаннан әкеле бастады Фото: new retail

Осы жылдың қаңтар-шілде айларында елімізге шетелден 85,5 мың тонна киім сауда-саттық үшін әкелінген. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 13,4%-ға аз. Киім-кешек тасымалдау барысында Қазақстанға жасалған импорт көлемі 702,2 миллион долларға жеткен.

Саудаланған тауардың дені – Өзбекстаннан (10,8 мың тонна), Қытайдан (5,6 мың тонна) және Түркиядан (1,6 мың тонна) әкелінген.

Күнделікті киетін киімдердің 59,9 тоннасы Үндістаннан және 14,3 тоннасы Португалиядан жеткізілген.

Отандық нарықта импорттық костюм-шалбар мен көйлектердің сатылымы көлемі 25,4%-ға азайғанын байқауға болады. Қалай десек те, Қазақстан нарығы үшін негізгі тауар жеткізуші Қытай болып қала береді. Өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе аз болса да, Қытайдан жеткізіліп жатқан киім-кешек көлемі 9,9 мың тоннаны құрап отыр.

Бір ескеретін жайт, соңғы кезде елімізге өзге елдерден де киім-кешек көптеп әкеліне бастады. Мәселен, жыл басынан бері Бангладештен – 1,1 мың тонна, Ресейден – 997,7 тонна, Пәкістаннан- 169,4 тонна және Румыниядан 6,4 тонна киім әкелінді.

Қазақстан нарығында пальто, күртешелердің импорты 23,4%- ға, яғни 5,5 мың тоннаға дейін қысқарды. Ел экономикасы шамамен 143,7 миллион АҚШ долларын жоғалтты деп есептеуге болады. керек.

Елімізге биыл сырт киім Қытайдан 4,6 мың тонна, Мьянмадан 146,3 тонна, Индонезиядан – 19,7 тонна, Италиядан 10,6 тонна, Ұлыбританиядан 1,7 тонна жеткізілді.

Тұрмыстық химия өнімдері қымбаттады

Қыркүйек айында еліміз бойынша салмағы 500 грамдық кір жуғыш ұнтақтың орташа құны өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 9,3%-ға, дейін төмендеп, бір қорап ұнтақтың бағасы 802 теңгеге бағаланған. Алайда, Алматы мен Шымкент қалаларында кір жуғыш ұнтақтың бағасы 910 теңгеден түспей тұр.

Ұнтақ арзандағанымен, есесіне елімізде сусабын мен сабынның, сондай-ақ, тіс пастасының бағасы шарықтап кетті.

Атап айтқанда, 200 милиграмм сусабынның құны 1 183 теңгеге өсіп, ол Алматы қаласында 1 397 теңгеге, Шымкентте 1 271 теңгеге, ал Астанада 1 249 теңгеге саудаланып жатыр.

Сабын бағасы Астанада орта есеппен алғанда 633 теңге, Атырауда 632 теңга, ал Таразда 611 теңгеден бағаланған. Сонымен қатар, сәбилерге арналған сабын бағасы – Астана мен Алматы қалаларында 456-457 теңге, Қонаев қаласында 443 теңге болып тұр.

Еске сала кетсек, елімізге сусабын Румыния мен Франциядан ал тіс пастасы Ирландиядан жеткізіледі.

Ресей неге қырын қарады?

Жыл басынан бері Ресейге қызанақ экспорттау барысында еліміз 20 миллион доллардан астам пайда тапқан еді. Алайда, қыркүйек айынан бастап көрші ел қызанақпен қатар, бірнеше өнім түрлерін Қазақстаннан кіргізуге тыйым салды.

Россельхознадзор 23-қыркүйектен бастап қазақстандық бидай, астық өнімдері мен күнбағыс дәніне, қызанақ пен дәмді болгар бұрышына фитосанитариялық сертификаттар беруді автоматты түрде бұғаттайтынын мәлімдеді. Бұл сертификат болмаса, ауылшаруашылық өнімдері Ресей шекарасы арқылы өте алмайды.

2024 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстаннан Ресейге $20,3 миллион долларға 13 мың тонна қызанақ экспортталды, яғни, Ресей федерациясы қазақстандық экспорттаушылар үшін пайда табатын жалғыз нарық еді.

Сондай-ақ, болгар бұрышының да 85%-ы Ресейге жөнелтілетін. Осы жылдың жеті айында аталған көкөністің 447 тоннасы көрші елге жіберілген. Ал, бидайға келетін болсақ, оның Ресейге экспорттық үлесі шамалы 0,1% ғана немесе жалпы есеппен алғанда 3,2 мың тонна.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі 2024 жылы 21 тамызы – 31 желтоқсан аралығында үшінші тарап елдерінен және ЕАЭО-дан бидай импортына тыйым салған болатын.

Бұл шешім ішкі нарықты қорғау және астықты қайта экспорттау фактілерін болдырмау үшін енгізілген-ді. Сарапшылардың пайымынша, Қазақстанның осы қадамы көршілес елге ұнамай қалуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу