Қазақcтанның инвестициялық рейтингісі өзгерген жоқ

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
4276

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның шетел валютасындағы және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді әрі қысқа мерзімді дербес рейтингін "BBB- / A-3" деңгейінде бекітті.

Қазақcтанның инвестициялық рейтингісі өзгерген жоқ

Сонымен қатар, халықаралық агенттік Қазақстанның ұлттық шкаладағы рейтингін "kzAA" деңгейінде растады.

S&P агенттігінің біздің елге берген болжамы – тұрақты. Демек, алдағы екі жылда Қазақстан билігі мен шетелдік инвесторлар арасындағы сот процестерінің анау айтқандай қаржылық салдары болмайды.

Агенттік сарапшылары Қазақстанның рейтингін жоғарылатуы да мүмкін. Ол үшін елдегі соңғы саяси реформалар Қазақстан институттарын айтарлықтай нығайтуы қажет.

Сондай-ақ, рейтингке қысым көрсетілуі де ықтимал. Атап айтқанда, Қазақстанның Ұлттық қорының қосымша маңызды сыртқы активтері бұғатталса немесе сыртқы қаржыландыру қажеттіліктері ағымдағы шоттардан түсетін түсімдерден асып кетсе, рейтинг "теңселуі" мүмкін.

Агенттік сарапшылары егер бұған дейінгі тұрақсыз факторлар қайтадан пайда болса, Қазақстанның рейтингін төмендетуге де құқылы. Яғни, егер халықтың депозиттерін долларландыру айтарлықтай артса немесе Қазақстанның өсу қарқынын бағалау халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ санатындағы елдердің өсу қарқынынан төмендесе рейтингке өзгеріс енеді.

Ұлттық қордағы 22,6 млрд АҚШ доллары (бұл 2018 жылғы ІЖӨ-нің 13%-ы) бұғатталғаннан кейін Қазақстанның қаржылық және сыртқы балансының нашарлағаны анық. Соған қарамастан, S&P агенттігі Қазақстан 2021 жылға дейін сыртқы мемлекеттік қарыз бен сыртқы активтерді салыстырмалы түрде жақсы позицияда ұстап тұрады деген сенімде.

Агенттік сарапшыларының пікірінше, Ұлттық қордағы қалған қаржы, бұл шамамен ІЖӨ-нің 20%-ы, шетелдік инвесторлармен жалғасып келе жатқан арадағы даудан зардап шекпейді. Сарапшылардың айтуынша, үкіметтің өтімді активтері 2018-2021 жылдардағы міндеттемелерді қамтамасыз етуге жеткілікті.

Қазақстанның рейтингтері әлі күнге Ұлттық қорда шикізат тауарлары бағасының жоғары болған кезеңінде жинақталған бұған дейінгі бюджет профициті бойынша жасалынған және күшті балансқа сүйенеді. S&P агенттігінің болжамынша, Қазақстанның өтімді сыртқы активтері 2021 жылға дейін сыртқы борыштан асып түседі. Ол кезде де Қазақтанның рейтингі қазіргі деңгейде болмақ.

Қазақстанның рейтингтері әлі күнге дейін шикізаттық тауарлар бағасы жоғары болып тұрған кезеңде Ұлттық қорда жинақталған бюджеттік бұрынғы профициттер негізінде жасалынған салыстырмалы түрде алғанда мықты делінетін  балансқа сүйенеді.

Сондай-ақ, Қазақстанның рейтингіне кері әсер ететін факторлар бар. Атап айтқанда, тым орталықтандырылған саяси орта және салық-бюджет саясатының кредиттік қабілеттілігінің проблемалары рейтингке өзгерістер енгізуі мүмкін.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу