Алматы мен Тәшкент әлемдегі ең арзан қалалардың қатарына қосылды

5804

Тhe Economist Intelligence Unit ұйымы әлемнің ең қымбат және ең арзан шаһарларының тізімін жариялады.

Алматы мен Тәшкент әлемдегі ең арзан қалалардың қатарына қосылды Фото: Максим Золотухин

Тhe Economist Intelligence Unit ұйымының  2019 жылға арналған "Әлемдегі өмір сүру құны" атты зерттеуіне жүгінсек, ең қымбат қала атағы үш қалаға бұйырды. Олар: Синапур, Париж, Гонконгк.

Франция астанасы 2003 жылдан бері дүниежүзінің ең қымбат қалаларының алғашқы ондығынан  түспей келеді. Биыл Париж былтырғы төртінші орыннан бірінші орынға көтерілген. Гонконг те үш сатыға жоғарылап, Париж, Сингапур қалаларымен қатар орналасқан.

Жыл сайынғы зерттеу планетаның 133 қаласындағы қажетті деген 150-ден астам заттың бағасына негізделген. Тізімге Азия мен Еуропадағы аса қымбат 10 қала енді.

Олардың алғашқы ондығының реті төмендегідей:

1. Сингапур

1. Париж, Франция

1. Гонконг

4. Цюрих, Швейцария

5. Женева, Швейцария

5. Осака, Жапония

7. Сеул, Оңтүстік Корея

7. Копенгаген, Дания

7. Нью-Йорк

10. Тель-Авив, Израиль

10. Лос-Анджелес, АҚШ

Венесуэлада инфляция деңгейі былтыр 1 млн пайызға жуықтап, үкімет жаңа валюта шығаруға мәжбүр болды. Соған қарамастан, бұл оңтүстікамерикалық мемлекеттің астанасы биыл дүниежүзінде ең арзан қалалардың көшін бастады. "Блумберг" агенттігінің мәліметінше, Каракаста бір шәшке кофенің бағасы 400 боливар немесе 0,62 доллар. Ал Сирия астанасы Дамаск екінші орыннан көрінсе, Тәшкент пен Алматы сәйкесінше үшінші және төртінші орындарды иеленді. Ал алтыншы және жетінші позициялар төрт қалаға бұйырды.

Әлемнің ең арзан қалалары:

1. Каракас (Венесуэла)

2. Дамаск (Сирия)

3. Тәшкент (Өзбекстан)

4. Алматы

5. Бангалор (Үндістан)

6. Карачи (Пәкістан)

6. Лагос (Нигерия)

7. Буэнос-Айрес (Aргентина)

7. Ченнай (Үндістан)

8. Нью-Дели (Үндістан)

Ұқсас шығын немесе ғаламдану
Қымбатшылық жағынан Жапонияның Осакасы 2019 жылы 5 позицияға өсіп, алтыншы орынды Женевамен бөлісті. Ал Нью-Йорк пен Лос-Анджелес  - тізімнің алғашқы ондығына кірген солтүстікамерикалық қалалар. Нью-Йорк пен Копенгаген  жетінші, Лос-Анджелес пен Тель-Авив – 10- позицияда.

Еуропада Цюрих пен Женева үй шаруашылығына, жеке гигиенға, демалыс пен көңіл көтеруге көп шығындалатындықтан, ең қымбат қалалар тізімінде сәйкесінше төртінші және бесінші орындарға шықты. Ал Копенгагеннің жетінші сатыға көтерілуіне онда тасымалдау мен демалыстың және күтіну құнының өсуі себепші.

Стамбұл болса, былтыр түрік лирасы айтарлықтай әлсірегендіктен, бұл рейтингте 48 орын жоғалтып, биыл 120-шы орында тұр. Бірақ британ астанасында өмір қымбаттаған. Сондықтан Лондон - 22- орында.

"Біз Париж, Сингапур, Цюрих, Женева, Копенгаген, Гонконг тәрізді дәстүр бойынша қымбат қалаларда шығындардың ұқсастығын байқадық. Мұның бәрі әлемдегі талғам мен сатып алу моделдері сәйкестігі мен ғаламданудың көрінісі", – дейді осы зерттеудің редакторы Роксана Славчева.

Арыстан Рысбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу