ҚМГ БӨ-ге жанармай нарығы не керек?

Куралай Абылгазина Куралай Абылгазина
22930

Компания ішкі нарыққа мұнай жеткізудегі тиімсіздік мәселесін шешті.

ҚМГ БӨ-ге жанармай нарығы не керек?

2016 жылы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ мұнай өнімдерін ішкі нарыққа өткізіп, салалық емес бизнес есебінен таза табысын арттырды.

Соңғы екі жылда "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның (ҚМГ БӨ) мұнай өндіру мен сату көлемі бір деңгейде сақталып келеді. Алайда 2016 жылы компания мұнай сату бизнесін шикізатты ішкі нарыққа жеткізу механизмін ықтиярсыз, бірақ тиімді етіп қайта құрды.

Осылайша 2016 жылдың сәуірінде ҚМГ БӨ өздігімен мұнай өңдеуге кірісті. Бұған дейін компания шикі мұнайды ішкі нарыққа жеткізу міндеттемелерін орындау үшін "ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг" (ҚМГ ӨМ) арқылы сататын. Сәуір айынан бастап БӨ шикі мұнайды Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) және Павлодар мұнай-химиялық зауытында (ПМХЗ) өңдей бастап, ҚМГ ӨМ арқылы мұнай өнімдерін өздері сата бастады. Енді БӨ ішкі нарыққа ҚМГ ӨМ үшін шикі мұнайды сатпайтын болды, ал дайын мұнай өнімін әлдеқайда жоғары бағаға сатады. Соңғы екі жылда үкімет бензин (АИ-92, АИ-93, дизельді отын) бағасын реттеуден бас тартып, жанармай бағасының нарықтық деңгейге дейін көтерілуін ескерсек, бизнестің бұл түрі өндіруші компания үшін тартымды болары сөзсіз.

2016 жылдың бірінші ширегінде, өздігімен мұнай өңдеу жүйесіне көшпес бұрын, ішкі нарыққа 830 мың тонна мұнай жеткізілген болатын. 2016 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында ішкі нарыққа 2,6 млн тонна мұнай жеткізілді, 2,6 млн тонна өндірілді, 2,3 млн тонна мұнай өнімі сатылды.

"Бұрын компания қызметі барлау және өндірумен шектелетін. ҚМГ БӨ ішкі нарыққа жеткізетін, ал ҚМГ ӨМ, ҚМГ ҰК-ның екінші еншілес компаниясы ретінде, мұнай өнімдерін сатумен айналысты. Енді ҚМГ БӨ мұнай мен мұнай өнімдерін сатудың барлық тізбегін тікелей қадағалайды. Біз МӨЗ-ге мұнай жеткіземіз, ол сол жерде өңделеді, кейін сатамыз. Бұл мұнай құнын жоғары бағамен сатуға мүмкіндік береді", – деп нақтылады өндіруші кмпанияның баспасөз қызметі.

Жаңа бизнес ҚМГ БӨ-нің табысына әсер етпей қоймады. 2016 жылдың тоғыз айында компанияның пайдасы 515 млрд теңгеге жетті (360 теңге/доллар бағамы бойынша 1496 млн доллар), бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 47%-ға жоғары.

2016 жылдың алғашқы тоғыз айындағы таза табыс 76 млрд теңгені (220 млн доллар) құрады, 2015 жылдың осы кезеңінде 138 млрд теңге (703 млн доллар) болатын.

"Пайданың өсуі мұнай өңдеу жүйесіне көшумен және теңгенің долларға қатысты орташа айырбас бағамы 76%-ға өсуімен байланысты болды. Таза табыстың өсуі негізінен 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнай өңдеу жүйесіне көшу мен сот органдарының шешімімен азайтылған салық және салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты", - делінген ҚМГ БӨ компаниясының өткен жылғы қаржылық қорытындысы туралы баспасөз хабарламасында.

ҚМГ БӨ компаниясы 2016 жылы "Қазгермұнай" БК" (ҚМГ), "Қаражанбасмұнай" (CCEL) және "ПетроКазахстан Инк." үлестерін есепке алғанда 12,1 млн тонна мұнай өндірді (245 мың барр/тәул.) – бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға төмен (12,3 млн тонна).

ҚМГ БӨ қоры

"ДеГольер энд МакНотон" тәуелсіз бағалауына сәйкес "Өзенмұнайгаз" АҚ, "Ембімұнайгаз" АҚ, "ҚазГӨЗ" ЖШС және "Урал Ойл энд Газ" ЖШС (ҚМГ БӨ үлесі - 50%) кен орындарында ҚМГ БӨ-нің мұнай қоры едәуір төмендеген. "Қазгермұнай" БК" ЖШС, CCEL ("Қаражанбасмұнай") және "ПетроКазахстан Инк." қорларындағы компанияның үлесі нәтижеге енбеген. Осылайша 2016 жылы "дәлелденген және ықтимал" (2Р) санаты бойынша мұнай қоры 2015 жылмен салыстырғанда 4,6%-ға (7 млн тоннаға) төмендеді, "деледенген" (1Р) санаты бойынша 6%-ға (6 млн тоннаға), "дәлелденген және ықтимал және мүмкін" (3Р) санаты бойынша 3,9%-ға (8 млн тоннаға) төмендегені байқалады. 2016 жылы өндірілген мұнайды ескерсек қордың орнын толтыру 0,7 млн тоннаны (8 млн баррель) құрады. Қорды толтыру коэффициенті (жылына қор өсімінің өндіруге қатынасы) 8%-ды құрады.

Құралай Әбілғазина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу