Көпшілікпен жасалған жақсылықтың ауыртпалығы жоқ

1369

Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар ірі жоба – SOS Қазақстан балалар ауылының құрылғанына 25 жыл толды.

Көпшілікпен жасалған жақсылықтың ауыртпалығы жоқ

Қазақстанда түрлі деректер бойынша, интернат мекемелерінде шамамен 4000-ға жуық жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленуде.

Қуантарлығы соңғы кездері олардың саны азайып келеді. Өйткені SOS Қазақстанның балалар ауылдары қорының 25 жылдық тәжірибесі көрсеткендей, балалардың болашағы жарқын, қоғамда өз орны бар, белсенді азамат болып өсуі үшін қандай болсын отбасының алар орны бөлек.

Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстанда алғаш құрылған Алматы SOS балалар ауылы жетім балаларды тәрбиелеудің мүлдем бөлек, жаңа жолын айқындап берді. Біздің елде SOS Қазақстан балалар ауылы іске қосылғалы бері жетімдерге көрсетілетін көмектің мәні мен мағынасын өзгерту ұсынылды. Қазірдің өзінде Қордың қамқорлығымен Алматы, Астана мен Теміртау қалаларында үш балалар ауылы жұмыс істейді. Оған қоса, Қазақстанда SOS моделін негізге алған 12 мемлекеттік балалар ауылы пайда болды.

Үлкен әлеуметтік жобаның 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада Қазақстанның SOS балалар ауылдарының ұлттық директоры Гүлжан Асанова балалар ауылы қызметкерлерінің жинақтаған тәжірибесі мен білімі еліміздегі фостерлік отбасылар институтын дамытуға септігін тигізе алатынын атап өтті.

"Бүгінгі таңда он бес балалар ауылында 1000-нан астам бала тәрбиеленуде. Менің ойымша, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға отбасылық тәрбие беру ең дұрыс шешім. Біздің халықаралық қор қаншама сәбиге ата-ана болып отырған тәрбиешілер үшін жыл сайын бала тәрбиесінің ең заманауи үрдістеріне сай көптеген тренингтер мен оқыту практикаларын өткізеді, өйткені біздің ауылдарымызға көбінесе жетімдер үйінде өскен жасөспірімдер келеді, ал олардың жағдайы мүлдем бөлек", – дейді.

"Айтулы мерейтойда әріптестеріміздің, қызметкерлеріміз бен тәрбиеші аналарымыздың ерең еңбегін атап өтпеуге болмайды, себебі олар балаларға білімі мен тәжірибесінен бөлек, жүрегінің жылуын сыйлайды. SOS-ана бұл жай ғана мамандық емес, ең алдымен мейірбан, қамқор ана. Сондықтан тәрбиеші-ата-аналарды қолдау бойынша үлкен жұмыс атқарып жүрген біздің психологиялық-педагогикалық құрамға да ерекше алғысымды білдіремін, онсыз балаларға көмек көрсету мүмкін емес болар еді", – деді Гүлжан Асанова Қазақстанның SOS балалар ауылдарының қызметі туралы айта келе.

 

Алматының SOS Балалар ауылының қызметі неден басталғаны туралы мекеме директоры Валерий Дубровский бөлісті.

Оның айтуынша, ұйымның негізі қаланған шақта жеті отбасынан басталған балалар ауылы 25 жыл ішінде ұлттық ауқымдағы жобаға айналды.

"25 жыл ішінде ауылымыз қалай өзгерді? Өзгеріссіз қалғаны бір-ақ нәрсе – мұнда әлі күнге дейін сүйіспеншілік пен қамқорлыққа мұқтаж балалар бір шаңырақ астында тәрбиеленуде. Ал өзгерістерге келер болсақ, 2017 жылы Балалар мен отбасыларды қолдау орталығы, қиын жағдайда баласымен қалған аналарға арналған "Асар" орталығы ашылды. 2018 жылы жетім балаларды қалада тәрбиелейтін алғашқы интеграцияланған отбасылар пайда болды", – деп атап өтті.

16 жасқа толғаннан кейін тәрбиеленушілер біздің жастарымыздың өмірінде ерекше орын алатын Жасөспірімдер үйлеріне көшеді, онда олар жайлы отбасылық қамқорлықтан жауапкершілікке, тәуелсіздікке тәрбиелейтін ортаға түсіп, кәсіптік білім алу арқылы өздерінің тұрмыстық дағдыларын дамытады.

Ұлы ағартушы, гуманист, SOS балалар ауылы халықаралық федерациясының негізін қалаушы және тұңғыш Президенті – Герман Гмайнердің сөздерін тағы да еске салғым келеді: "Көпшілікпен жасалған жақсылықтың ауырпалығы жоқ".

Виталий Петренко үшін балалар ауылы 13 жылға туған отбасына, жылы үйіне айналды. Жеті жасынан отбасында тәрбиеленіп, мейірімділік пен қамқорлықта өскен бала "Арыстан" мамандандырылған лицейінде білім алып, еліміздің жетекші әскери жоғары оқу орнының курсанты атанды.

"Анам мені бастан-аяқ қолдап келеді, өмірдің бар белестерінен өтуге көмектесті. Біздің отбасымызда жеті бала тәрбиеленді, оның ішінде менің әпкем де бар, бірақ қалған тәрбиеленушілер де мен бөліп-жармаймын, туғанымдай қабылдаймын", – дейді ол.

Сабағынан бос уақытта болашақ офицер өмірінің бір бөлігін оның тәрбиесіне арнаған адамды көріп қана қоймай, сонымен қатар қазіргі тәрбиеленушілерге армандар орындалатынын, сенім мен талпыныс алға жетелейтінін өзінің тәжірибесімен бөлісу арқылы дәлелдеу үшін міндетті түрде тәрбиеші анасына келеді.

Біздің елімізде жетімдердің шамамен 80%-ы – анасы, әкесі, ата-әжесі бар "әлеуметтік" жетімдер. Сондықтан да, SOS Қазақстанның балалар ауылдарының маңызды жұмысының бірі - қараусыз қалған сәбилерді ата-анасымен табыстыру. Соның арқасында он шақты бала өзінің туғандарымен қауышып, отбасында өмір сүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу