/img/tv1.svg
RU KZ
KASE 2 384,41 Hang Seng 27 326,90
DOW J 29 225,93 FTSE 100 7 436,64
РТС 1 535,81 Алтын 1 632,80
Қызылордадағы шыны зауыты келер жылы іске қосылады

Қызылордадағы шыны зауыты келер жылы іске қосылады

Зауытқа бас мердігер ретінде қытайлық трансұлттық компаниясы тартылды. 

12 Желтоқсан 2019 12:00 3400

Қызылордадағы шыны зауыты келер жылы іске қосылады

Автор:

Нұрбек Дәуренбеков

Шыны зауытының іске қосылуы жайлы «Orda Glass Ltd» ЖШС-нің басқарма төрағасы Ержан Сағынбаев айтып берді.

«Жылдық қуаты 197,1 мың тонна шыны өндіретін зауыт 2020 жылдың шілде айында іске қосылады. Құрылыс жұмыстарына 11 мердігер компаниядан 219 жұмысшы жұмылдырылды. Құрылыс заттарының басым бөлігі жергілікті жерден алынып жатыр. Жұмысшыларға да бар жағдай жасалған. Зауыт толық іске қосылғанда 160 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, шыны зауытының құрылысына бас мердігер ретінде «Чайна Триумф Интернешнл Инжиниринг» қытайлық трансұлттық компаниясы тартылды»,– дейді Ержан Юбилерұлы.

Мұнан өзге, шыны зауытын газ және сумен жабдықтау, электр желілерін, автожол және байланыс орнату үшін жұмыстар жүргізілуде.

Алдыңғы бас мердігердің жұмыс барысында жіберген ақаулары мен жоба серіктестерінің өзара туындаған даулы жағдайларынан осы уақытқа дейін зауыт іске қосылмаған.  4 желтоқсанда серіктестік өкілдерінің «Stewart Engineers» вице-президенті Волтером Дениэлмен кездесуі өтіп, тараптар ортақ шешімге келген.

Ержан Сағынбаевтың айтуынша, инвестициялық келісімшарт негізінде Қытайдан 200 адам зауыт жабдықтарын монтаждау үшін келеді. Бүгінде олардың 71-і аймақта жұмыс істеуде. Шыны балқыту пешін жағу мамыр айының соңына жоспарланған.

Зауытқа қажет шикізаттар (кварц құмы, доломит, әктас) жергілікті жерден өндіріліп алуда. Өндіріске Еуропа мен Американың жетекші компанияларының жабдықтары пайдаланылады. Зауыттың соңғы өнімі, қалыңдығы 2 мм-ден 12 мм-ге дейінгі әлеуметтік және өнеркәсіптік мақсаттағы табақ шыны болмақ. Жоспар бойынша өнімдердің 50 пайызы шетелге экспортқа шығарылмақ.

Шыны өндірісінің базасында логистикалық, буып-түю өндірісі сияқты қосалқы ұйымдар құрылады, бұл қосымша 700-ден астам жұмыс орнын ашуды қамтамасыз етеді.

Келесі жылдың соңына қарай планшеттер мен күн панельдері үшін ультракүлгін шыны өндіретін екінші зауытты іске қосу жоспарлануда.

«Автомобиль және брондалған әйнектерді өндіретін цех салу да жоспарланып отыр. Құны 50 млн доллар болатын жобаны іске асыруда 60 жаңа жұмыс орны ашылады», – дейді «Orda Glass ltd» ЖШС басшысы.

Бүгінде зауытқа техникалық білімі мен ағылшын тілін білетін мамандарды қабылдау жүргізілуде. Іріктелген 160 маман келесі жылдың наурызында Қытайдағы Чайна Триумф зауыттарына біліктіліктерін арттыруға жіберілмек.

Нұрбек Дәуренбеков

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Семейдегі 254 үй қызыл судың жолында тұр

Қала ішінде 7 эвакуациялық бекет жасақталды.  

14 Қаңтар 2020 19:18 899

Семейдегі 254 үй қызыл судың жолында тұр

Ертіс пен Сырдарияның суы биыл жылдағыдан ерте көтеріліп, жағаға жақын жатқан елді мекендердің зәресін алды. Тіпті Семейдің іргесіндегі  Түйемойнақ аралында үйлердің ауласына су кіріп, 8 адам эвакуацияланған. Осыған байланысты Төтенше жағдай комитеті БАҚ өкілдерін жинап, ахуалды баяндады.  Комитет төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаевтың айтуынша, қазір Ертістің де, Сырдарияның да суы біртіндеп қайта бастаған. Қызыл су қаупі сейілгенімен, тұрғындарға сақ отыру керектігі ескертіліпті.

«Семей қаласы бойынша айтсам, ауа температурасының көтерілуі  салдарынан Ертістің арнасында мұз кептеліп, су деңгейі көтерілген. Полковничий аралы мен Мирный, Восточный кенттеріндегі су басу қаупі бар үйлердің тұрғындарына эвакуацияға дайын отыру керектігі ескертілді.  Семей қаласында 7 эвакуация бекеті белгіленді. «Семей» қонақүйі мен 6 мектеп адам қабылдауға дайын тұрған болатын. Бірақ су деңгейі шекті межеден қайтуына байланысты  адамдарды эвакуациялаудың қажеті болмай қалды. Тек бір үйдің ауласына ғана су жайылды. Ол үйден 8 адамды «Семей» қонақүйіне орналастырдық. Қазір олар сонда паналап жатыр.  2 адам туыстарының үйін паналады.  Су басқан ауладан 7 бас мал  эвакуацияланды», – дейді комитет өкілі.

Төтенше жағдай маманы Ертістің бетіне мұздың жылдағыдан жұқа қатуы қызыл су жүруіне себеп болғанын айтады.

«Ертістің бұл аумақтағы шекті деңгейі 455 сантиметр. Қазір су 445 сантиметрге түсті. Яғни, өзен мұз кептелісін еңсерді деп айтуға болады, қалыпты қарқынмен ағып жатыр. Дей тұрғанмен, елдегі барлық өзендерге мониторинг жүргізілуде.  Барлық өзендер мен су қоймалары бақылауымызда.  Тоғандарда су ағызу уақтылы жүргізіліп келеді. Бұл судың мол жиналып, үйлерге жайылмауы үшін қажет», – дейді маман.

Семейдің іргесіндегі елді мекендер қыс болса қызыл судан, көктем болса қарғын судан зардап шегетінін айтқан журналистер төтенше жағдайдың алдын алу шаралары биыл да неге жеміс бермегенін сұрады. Ведомство өкілінің айтуына қарағанда, су құрсауында жиі қалатын үйлерді көшіру қажеттігі туралы жергілікті әкімдікке хат жолданған екен. Бірақ одан нәтиже болмаған. Ертіс суы қайта көтеріле қалса, 768 тұрғыны бар 254 үйді су алуы мүмкін.

«Семейдің маңындағы елді мекендерді жыл сайын су алуының негізгі себебі – үйлердің дұрыс салынбауы. Су кодексі бойынша  жағадан 30 метр жақын аумақта үй салуға болмайды.  Осыдан барып, өзен көтерілген сайын үйлерді су алады.  Салып қойғаннан кейін оны құлатып тастай алмайсыз ғой. Өйткені адамдар тұрып жатыр. Оларды үйлерінен қуып шыға алмайсың. Әкімшіліктер үй салып, адамдарды ол жерден көшіру керек. Мысалы Ақмола облысындағы Атбасар ауылында жаңадан ықшамаудан салды да, қауіпті аймақтағы тұрғындарды көшіріп жатыр. Дәл сондай жұмыстар мұнда да жүргізілуі керек. Біздің тарапымыздан облыс әкімдігіне ондай ұсыныс хат жазылған. Жыл сайын ұсыныс беріледі. Түйемойнақ аралындағы 32 үйде 134 адам тұрады. Мирный деген жерде 30 үй бар. Онда 150 адам тұрады. Пристань елді мекеніндегі 80 үйде 134 кісі тұрады. Восточный кентіндегі 112 үйде 350 адам тұрып жатыр. Олардың бәрімен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Қауіпті жағдай бола қалса, не істеу керектігін жақсы біледі», – дейді Барат Дұзақбаев.

Биыл Қызылорданың іргесіндегі ел де алаңдаулы көрінеді.  Мұнда Сырдарияның деңгейі көтерілген.  Ал Төтенше жағдай комитетінің өкілі тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ деп отыр. Сөйте тұра тұрғындарға қауіпті жағдай туа қалса не істеу керектігі түсінідіріліпті.

«Ауа температурасы +10 градусқа дейін көтеріліп, су деңгейі артқан болатын. Қазір қайта түсе бастады. Гидрологиялық бекеттерде үнемі мониторинг жүргізіп отырмыз. Жосалы ауылы Сырдария өзенінен 300 метр қашықта жатыр. Ол жерде 1200 адам бар.  Ал Қазалы қаласында 1 743 адам тұрады.  Қызылордада сондай бір қиыншылық болады деп ойламаймын», – дейді комитет өкілі.

Барат Дұзақбаевтың сөзіне сенсек, Сырдарияның Қараұзақ тармағындағы су деңгейі  695 сантиметрге жеткен.  Кеше сағат 18.00-ден кейін су деңгейі 693 сантиметрге түсіпті. Бұл тармақта қауіпті меже – 665, шекті меже – 770 сантиметр. Жосалы елді мекені бұл аумақтан 300 метр жерде жатыр. 

Ал Сырдария-Жосалы бекетінде су деңгейі 978 сантиметрге жеткен. Мұнда қауіпті меже – 980 сантиметр, шекті меже – 720 сантиметр. Бекет пен Жосалы елді мекенінің арасы 200 метр.

Сырдария–Қазалы бекетінде су  деңгейі 939 см-ге жеткен болатын. Кеше сағат 18.00-ден кейін су деңгейі 635 сантиметрге түскен көрінеді.  Мұнда қауіпті меже 640 сантиметр болса, шекті меже – 749 сантиметр. Жосалы ауылымен ара қашықтық – бір шақырым.

Осылайша Сыр мен Ертістің мезгілден тыс мінез көрсетуі Төтенше жағдай өкілдерін бір сілкіп алды. Дегенмен, өзен-көлдердегі ылғал мен құрлықтағы қардың мөлшерін болжау әлі ерте деп отыр.

«Ақпан айында су көздеріндегі ылғалдың қоры  мен жер бетіндегі қар қалыңдығы анық белгілі болады.  Су басу қаупі бар елді мекендер бізге белгілі. Ал оларды қауіпсіз күйге келтіру жергілікті әкімдіктердің міндетіне жатады. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін әкімдік бюджетінен қаражат игеріледі. Ал біз өз бюджетіміздің аясында құтқару жұмыстарын жүргіземіз», – деп түйіндеді комитет төрағасының орынбасары.

Есімжан Нақтыбайұлы

 

«Қайсар» Еуропа лигасына жолдама алды

«Атырау» – «Қайсар» арасында Қазақстан кубогының тарихындағы ерекше финал болды.  

07 Қазан 2019 19:42 1748

«Қайсар» Еуропа лигасына жолдама алды

Бұл жолы ақтық сынға «Астана» да емес, «Қайрат» та емес «Атырау» мен «Қайсар» шығып еді. Аталған екі команданың ойыны сүреңсіз, бір ғана голмен аяқталады деп болжам айтылған еді. Алайда болжамдар бордай тозып, кездесу қиян-кескі шытырман сценариймен өрбіді. Нәтижесінде жеңіске «Қайсар» жетіп, Қызылорда қаласы келесі жылы Еуропа лигасын қабылдайтын болды.

Қазақстан кубогының шешуші матчы «Астана Арена» стадионында өтті. Қазақстан кубогының финалына үшінші рет шығып отырған «Атырау» мен «Қайсар» кездесті. Осыған дейінгі екі финалда «Қайратқа» жеңілген «Атырау» ер кезегі үшке дейін деп, белді бекем буды. Қызылордалық команда болса, араға 20 жыл салып финалға қайта шығып отыр.

Ойын басында ойыншылар тәртіпті көбірек бұзып, бір-бірін аямай ойнады. Тек аракідік «Қайсардың» шабуылдары болмаса, «Атырау» аса қатты белсене қоймады. «Атырау» қақпашысы Антун Маркович келген қауіптің барлығын қайтарып отырды. Әрбір минут өткен сайын, матчтың да қарқыны арта берді. Екінші таймда «Атырау» қарымта шабуылдарға көшіп, өткір соққылармен жауап қатты. Сондай сәттің бірінде польшалық шабуылшы Петр Гжелчак жоқ жерден гол салды. Жығылғанға жұдырық болғандай, «Қайсар» капитаны Асхат Тағыберген қызбалыққа салынып, қызыл қағаз алды.

«Қызыл қағаз алғаным үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Дегенмен әріптесітерімнің бұл ойынды ұтатынына сенімді болдым», – дейді «Қайсар» капитаны Асхат Тағыберген.

10 адаммен қалған қызылордалық команда матчтың соңғы секундтарында барын салып, шабуылға шықты. Алаңға алмасып енген Игорь Зенькович бірден алдыңғы шепте ойқастай бастады. Думан Нәрзілдаевтың берген пасынан кейін Зенькович бар күшімен соққы жасап, таразы басын теңестіріп кетті.

«Клуб бұл кубокты 20 жыл күтіпті. Алаңға алмасып кіріп гол соққан деген керемет сезім ғой. Біз ең бастысы қарсыластан еш қорықпадық. Бір футболшыға кем болсақ та, гол соғуға болатынын біліп жүрдік. Қазіргі сезімімді сөзбен жеткізу қиын. Финалда соңғы секундта гол салу деген футболда көп кездесе бермейді. Жеңіске жеткенімізге ризамыз», – дейді «Қайсар» шабуылшысы Игорь Зенькович

Төреші алты минут уақыт қосты. Қызылордалықтар осы уақыттың ішін де тағы бір гол салып кете жаздады. Бірақ сәтті болмады. «Атырау» сапындағы Жак Нгвем де қызыл қағаз алып алаңнан қуылды да, футболшылардың саны теңесті. Ойыншылар ұзақ уақыт қысымда жүргендіктен бе, шаршаңқылық танытып, алаңның әрбір бұрышында құлай берді. Көбісінің аяқтары тартылып, сіңірлері созылды. Дегенмен осы ойыншылардың ішінде шаршау дегенді білмейтін, шыдамдылары ғана мықты ойнады. Соның бірі –қызылордалық Думан Нәрзілдаев. 25 метр жерден допты шиіріп тұрып, тоғыздыққа тоғытқан ол Қызылорда жұртшылығының матанышына айналды.

«Мен командамен келісімшартқа қол қойған кезде енді Қызылорда Еуропалық рухты сезінеді деп айтқан болатынмын. Ал енді Еуропа Қызылорданың рухын сезінетін болады. Керемет атмосфера, керемет қолдау. Жанкүйерлер мен өзіміздің отбасыларымыз үшін тер төктік», – дейді «Қайсар» ойыншысы Тигран Барсегян.

Қазақстан кубогын арнайы қонақ Әли Тұрғанбеков табыстады. Енді қызылорданың «Қайсары» келер жылы Еуропа лигасында өнер көрсететін болады.

Ермұхамед Мәулен

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу: