Мүмкіндігі шектелуі жандарды жұмысқа орналастырудың қиындықтары көп. Бұл туралы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту және жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылау барысында "Прогресс" колледжінің директоры Жанна Тілеубекқызы мәлім етті.
"Жұмысқа тұрғызу мәселесі бар. Көп жерде қолайлы жағдай жоқ. Сондықтан біз мүгедектерді жаңа кәсіби дағдыларға үйрететін және оқу аяқталғаннан кейін жұмыс табуға көмектесетін арнайы бағдарламаны іске қостық. Мүгедектер колледжде білім ала жүріп, кәсіп бастайды. Мәселен киім тігіп, сатады. Мұнда қолайлы жағдай жасалған. Өнімдерді өткізу үшін кәсіпкерлерді шақырып, бізде білім алушылардың қандай өнім жасап жатқанын, қолынан не келетінін көрсетеміз. Кәсіпкерлер келіп, сапалы өнім барын көрген соң, тапсырыс бере бастады. Мысалы "Орбис Қазақстан" компаниясы бізге келген соң, принтер алып беріп, қазір брендтелген печенье жасап беріп жатырмыз. Түлектерді жұмысқа алғандары да бар", – дейді ол.
Биыл бағдарламаға 10 жыл толды, осы уақыт ішінде 300 адам оқудан өтіп, 82 адам жұмысқа орналастырылған және 61 адам жеке кәсіп бастаған.
Ал Іле ауданы мәслихатының хатшысы Роза Әбілованың айтуынша қазір ауданда 215 мың адам тұрады. Оның 4864 мыңы, жалпы халықтың 2,2% мүмкіндігі шектеулі жандар.
Мүгедектердің 929-ы 18 жасқа дейінгі балалар. Ал 1,2 топтағы мүгедектер – 2120 адам. Олардың 1812 -сі заңға сәйкес жұмыс істей алады.
"Мүмкіндігі шектелуі 15 адам ірі мекемелерде адам жұмыс істейді. 38 адам мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес курстық білім алып, грант негізінде бизнес бастады. Кейбірі аяқ киім тігеді, нан пісіреді. 28 адам қоғамдық жұмыстарға қатысады. Жалпы ауданда 68 мүмкіндігі шектеулі адам белсенді еңбек етуде", – дейді мәслихат хатшысы.
Оның айтуынша еңбекке орналастыру бойынша мемлекеттік квота бар.
"Біздің ауданда тек 15 мүгедек адам ғана жұмысқа орналасты. Өйткені кейбірінің кәсіби білімі сәйкес емес, кейбір мекемелерде жұмыс орны қолайсыз. Қазір ең бастысы мемлекет бизнес бастауға мүмкіндік беріп отыр. Мүмкіндігі шектелу адамдар осы мүмкіндікті пайдалана алады", – дейді Роза Абилова.
Қапшағай қалалық "Атамекен" ҰКП директоры Алмагүл Қамбарованың айтуынша мүмкіндігі шектеулі жандар "Еңбек өнімділігін қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлік" бағдарламасы аясында бірнеше бағыт бойынша кәсіп игеріп, бизнес бастай алады.
"Бірінші бағыт – кәсіби білім беру, екінші – "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік білім беру. Қазір "Бастау бизнес" карантинге байланысты онлайнға көшті. Үшінші лек бітіп жатыр. 4 курс, 56 дәрістен тұратын сабақтар топтамасы бар. Әр аудандағы бизнес жаттықтырушы тапсырма береді, тесттен өтеді, бизнес жоспарын қорғайды. Дәріс аяқталған соң, 50 баллдан астам жинаса сертификат алады. Ары қарай"Бизнестің жол картасы" бойынша 5 млн теңге грант ала-алады. 3 зағип жан қатысып, білім алды. Оларға бизнес жаттықтырушы үйіне барып кеңес берді", – дейді Алмагүл Қамбарова.
Құралай Құдайберген