Не үшін қазақстандықтар той иесіне арыстан сыйлағанды ұнатады?

1375

Орыс тілді басылым журналистері не туралы жазды. Inbusiness.kz-тің баспасөзге жасалған апталық шолуы. 

Не үшін қазақстандықтар той иесіне арыстан сыйлағанды ұнатады?

camonitor.kz: "Карантин 2.0: құтқарушы қадам ба әлде зиянкестік саясат па?" деп сауал қояды басылым. Бұл сұраққа жауап алу үшін басылым тілшілері Wall Street Invest Partners сарапшысы Данияр Жұмекеновты сөзге тартқан. Маманның пікірінше, мемлекетті карантиге екінші рет жабу әрекеті күллі әлемде жоқ тенденция. 

Сарапшы Қазақстан үкіметі карантин енгізген күннің өзінде бұл шара қатаң болмайтын шығар деп үміттеніп отыр. Себебі көктемде енгізілген шектеулер мемлекет соңғы жылдары қол жеткізген экономикалық жетістіктерді жоққа шығарып үлгерді. Ал бұл зиянкестікті ретке келтіруге ешкімнің батылы жетпейді. 

"67 мың науқасы бар Швецияны мысалға алайық, олар пандемиямен күрес жүргізу үшін санитарлық нормаларды сақтап, адам көп жиналатын шаралардан бас тартты, ал бизнес толығымен, ешбір шектеусіз жұмыс істей берсе болатынын көрсетті. Ал Қазақстан, АҚШ және де басқа елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, шектеуді тек ахуалы қиын болып тұрған өңірлерге ғана енгізсе және адамдар арасындағы арақашықты сақтау нормалары мен бетперде кию талаптарының орындалуын қадағаласа. Себебі мемлекетке қайта шектеу енгізу арқылы біз мемлекеттің экономикасын күйретеміз, оның зардабын біз алдағы бес-он жыл бойы көретін боламыз", – дейді сарапшы.

express-k.kz: "Не үшін қазақстандықтар той иесіне арыстан сыйлағанды ұнатады?" деп сұрайды аталмыш газет. Қалталы қазақстандықтар арасында арыстан, аю немесе қасқыр баласын сыйға тарту сәнге айналып барады. Кейбіреулер мұндай жыртқышты коммерциялық мақсатта – жануарды фотомоль ретінде пайдалану үшін сатып алады. Көп жағдайда мұндай жануарлар босқа өліп қалып жатады.

Басылымның хабарлауынша, Алматыдағы зообақта адам ойыншығы болған арыстан балалары бар. Олардың иелері дер кезінде есін жиып, жануарларды зообаққа алып келген. Тексеру барысында ветеринарлар жануарлардың түрлі дертке шалдыққанын байқайды. Олардың салмағы түсіп, дамымай қалған жағдайы да болған. Ал фотосессия үшін пайдаланылған жануарлардың жағдайы мүлдем мүшкіл болып келеді. Сол себептен оларды аман алып қалу екіталай.

"Мен мұндай жануарларды сыйға тартуға, үйде ұстауға болмайды деп санаймын. Арыстан немесе аюға ыңғайлы қаумал салуға мүмкіндік болғанның өзінде мұндай қадамға баруға болмайды. Себебі осы арқылы жануарға зақым келтіріп, денсаулығын, психикасын бүлдіруі мүмкін. Жануарлар дұрыс тамақтануы керек, олардың өз рационы бар, оларды үйде баптай алмайсыз. Кейде адамдар жануарының ауырып тұрғанын білмейді, біреулер олардың тырнақтарын түбімен алып тастайды, ал біреулер кішкентай арыстан балаларына тәтті кәмпит береді. Нәтижесінде олар түрлі дертке шалдығып жатады. Жабайы аңдар үйде тұра алмайды, бұл тек жануарларға ғана емес, адамдарға да қауіпті", – дейді зоотехник Ерболат Шарапев.

caravan.kz: "Қазақстандық шаруалар өз өнімін сата алмай отыр" деп хабарлайды басылым. Шаруалар не себептен базарға шыға алмай отырғанын білмейді. Нәтижесінде бар өнімін малға беруге мәжбүр.

Аталмыш газеттің хабарлауынша, Алматы облысындағы Іле ауданының шаруалары өсіріп-өндірген өнімдерін қайда жіберерін білмей дабыл қағып жатыр. Жағдай осылай жалғаса беретін болса, олар өз ісін тоқтатуға мәжбүр болады. Себебі аянбай еңбек еткен шаруаларды карантин шаралары қысып жатыр.

"Соңғы жылдары бар өнімімізді Алматыда өтетін жәрмеңкеге шығарып сататынбыз. Қала тұрғындарын арзан әрі сапалы өніммен қамтамасыз ететінбіз. Алматыдағы соқырлар қоғамына көмектесетінбіз. Карантин енгізгелі бері өсірген қиярымыз бен көкөністі қайда жіберерімізді білмейміз. Сол себептен малға беруге мәжбүрміз", – дейді шаруалар.

liter.kz: Айя Шалқар есімді модель Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау білдірді, деп жазады басылым. Танымал модель зорлық-зомбылық көргендерді қолдау мақсатында әлеуметтік бейнероликтердің бес-алты сериясын түсірген.

Айя Шалқар арнайы түсірілген алты бейнежұмысын ел назарына ұсынды. Өз жұмыстарын ол ұлттық бейнелермен шынайы көрсеткен. Осы арқылы ол әйелдердің қалай қорланатынын, ұрып-соғылатынын және әйелдер қалай үнсіз үй тиранының құрбанына айналатынын сипаттаған. Модельдің айтуынша, көп жағдайда әйелдерге жасалған қастандық жария етілмей қалады, сөйтіп құқыққорғау органдарына олардың арызы да жетпей жатады.

"Жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан Қазақстанда орта есеппен алғанда 400 адам көз жұмады. 2017 жылдан бастап тұрмыстық зомбылық әкімшілік заңбұзушылыққа теңестірілген. Оның үстіне зорлық көргендердің басым көпшілігінін арызы полицияға жетпей жатады", – дейді Айя Шалқар.

Гүлмира Қамзиева


Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу