Президент 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

1918

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды.

Президент 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады Фото: akorda.kz

"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болғаны белгілі. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Салаға жауапты Қорғаныс министрі жарылыстың қалай болғанын айтқанымен, күдіктінің кім екенін атай алмады, тек болжам жасады.

Бұл апаттан 13 адам қаза тапқаны белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу