PTC Holding Түркия мен Қытай нарығына шықты

9663

Шанхай мен Ыстамбұлдағы еншілес компаниялар делдалдармен емес, тікелей тауар өндірушілермен жұмыс істеуге мүмкіндік бермек. 

PTC Holding Түркия мен Қытай нарығына шықты Фото: PTC Holding

2022 жылдың қорытындысы Қазақстанның көлік-логистикалық саласы үшін ең алдымен геосаяси жағдайға байланысты айтарлықтай күрделі және түсініксіз болды. Осыған қарамастан, қазақстандық PTC Holding жекеменшік логистикалық операторы көршілес екі елдің аумақтарына да, басқа перспективті нарықтарға да тікелей шығып, өз бизнесін белсенді дамытуда. Осылайша, жақында Өзбекстанда бірлескен жобаны жүзеге асыру басталып, Шанхай (Қытай) мен Түркияда еншілес компаниялар құрылды.

"Біздің басты мақсатымыз – тауарды тікелей бірінші қолдан, яғни өндірушіден алу", - деп түсіндіреді PTC Holding Басқарма төрағасы Тимур Қарабаев. 

Оның айтуынша, бір жағынан, тұтынушы үшін ең жақсы, ең тиімді тасымалдау тарифін беру үшін қажет, ал екінші жағынан, ең үлкен тапсырыс берушілер пулын қалыптастыру үшін тікелей жүк жөнелтушілермен жұмыс істеген жөн.

Сондай-ақ, Басқарма төрағасы Түркия мен Қытайда еншілес компанияларды құру кезінде PTC компаниялар тобы неге мән бергені жайлы айтты. 

"Біз Шанхайда еншілес кәсіпорын аштық, себебі Қытайдың жүк базасы үлкен. Бүгінгі таңда Қытайдың барлық жүктерінің шамамен 3%-ы теміржол көлігімен, қалғаны теңіз арқылы тасымалданады, бұл өте көп. Бұл жіберушілер мен келісім-шарттардың үлкен дерекқоры және онымен қашықтан жұмыс істеу аса қиын шаруа. Оның үстіне Қытайдың темір жол рельстерінің өлшемі посткеңестік кеңістіктегі елдермен сәйкес емес, тілдік кедергі бар, ментальді айырмашылықтар үлкен. Сол себепті тікелей сол жерде қытайша сөйлейтін, менталитетті түсінетін, жүктің қай жолмен жүру керектігін айқындайтын адамдар болуы керек. Астанада отырып мұнымен айналысу мүмкін емес", - дейді Тимур Қарабаев.

Түркияға келетін болсақ, PTC Holding басшысы Түркияның теңіз державасы екенін және ұзақ қашықтыққа қатынайтын маршруттарда үнемі үлкен роль ойнайтынын алға тартты. Сонымен қатар ол елде де тілдік, ментальды айырмашылықтар бар екенін атап өтті.

Оның сөзінше, 15 мың контейнері бар кемені физикалық түрде қабылдай алмайтын Грузияның Қара теңіздегі порттарына қарағанда, Түркияда ондай жүкті қабылдай алатын терең су порттары бар. Бұған қоса, Түркияның өзі алып нарық. Түркия көптеген ресурстарды, оның ішінде, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі тұтынушысы, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлардан бастап, машиналар мен жабдықтарға дейін кең ауқымды тауарларды жөнелтуші болып табылады.

"Біз Түркияда да, Қытайда да өзіміз болуымыз қажет жер екенін түсінеміз. Бұлар толықтай бізге тиесілі еншілес компаниялар. Былайша айтқанда, біздің Түркиядағы және Қытайдағы сауда терезелеріміз", - деп түйіндеді Тимур Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу