"Самұрық-Қазынаның" бюджетке бергенінен алғаны көп"

2512

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" қорының жұмысын қайта қарауды тапсырды.

"Самұрық-Қазынаның" бюджетке бергенінен алғаны көп"

Содан кейін қоғамда Қордың тағдыры туралы қызу пікірталас басталған. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың айтуынша, қоғам пікірі тым шашыраңқы. Ал сала мамандары алдау мен популизмге барып отыр.

"Кейінгі кезде Қор басшылығы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін асығыс, шалт шешімдер қабылдай бастады", – дейді Жамалов. 

Жамалов үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады.

"Самұрық-Қазына" құрылғанда ұлттық компанияларды кәсіби корпоративтік басқару арқылы олардың қызметін тиімді ету көзделген еді. Солайша кіріс пен мемлекеттік бюджетке аударымдардың өсуін қамтамасыз етуі керек болған. Мақсатқа қол жетті ме? "Самұрық-Қазынаның" мемлекеттік бюджетке аударған сомасы бюджеттен олардың инвестициялық жобаларына жұмсаған қаражатынан едәуір аз екенін көріп отырмыз. Мысалы, компания бюджетке 2019 жылы 120 млрд теңгеге дивидендт төледі. Ал таза пайда 1,4 трлн теңге болды", – дейді депутат.

Бүгінде қордан әрбір азаматқа үлес беру туралы ұсыныс айтылып жатыр. Депутаттың пікірінше, бұл идея жақсы болғанымен, бір адамға небәрі 500 теңге ғана тиеді екен. Сондықтан қордың неліктен тиімсіз болып шыққанын талдаған абзал.

"Ол үшін мынадай ұсынысым бар: Қордың бейінді және бейінді емес активтеріне кешенді аудит жүргізу. Бейінді емес компанияларды бәсекелес ортаға беру жөнінде шешім қабылдау. Барлық мамандандырылған компаниялардың тиімділігін бағалау. Оларға қаржылық сауықтыру жүргізу, содан кейін ғана қор нарығы арқылы, оның ішінде халықтық IPO арқылы өткізу туралы шешім қабылдау", – дейді Жамалбаев. 

Оның айтуынша, "Самұрық-Қазынаның" қарызы 7,5 трлн теңгеден асады. Бұл шамамен 18 млрд доллар.

"Қордың барлық аударымдары орталықтандырылуға және кейіннен мемлекеттік міндеттерді іске асыруға бөліне отырып, республикалық бюджетке түсуге тиіс. Жобаларды іске асыруға ұлттық компаниялардың барлық тікелей аударымдарын алып тастау керек. Барлық қаражат тек республикалық бюджетке түсуі тиіс", – дейді ол.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу