Ұлттық тауар өткізу жүйесінің тұсауы кесілді

8867

Сауда және интеграция министрі Нұр-Сұлтан қаласындағы өндірістік және сауда инфрақұрылымы кәсіпорындарын аралады. 

Ұлттық тауар өткізу жүйесінің тұсауы кесілді

Министр жұмыс күнін қырқыншы темір жол станциясы аумағында орналасқан Continental Logistics сауда–логистикалық кешенінің тыныс–тіршілігімен танысудан бастады.

Айта кетейік, аталған кәсіпорын  Continental Logistics А+ санатына жататын және бизнесті бір жерде жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа буын нысаны. Бұл кәсіпорынға авто және теміржол арқылы халықаралық, республикалық жүк ағынына қызмет көрсету міндеті жүктелген.

Continental Logistics ЖШС бас директоры Игорь Перевезвевтің айтуынша, ауданы 46 га жер учаскесінде салынатын қойма үй–жайларының жалпы алаңы шамамен 46500 шаршы метрді құрайды. Мұнда құрғақ және климаттық қоймалар орналасады. Бұл жерде қойма жайларынан бөлек контейнерлік терминал, сауда–дистрибьюторлық орталық, кедендік бақылау аймақтары және ілеспе инфрақұрылым болады. Қойма кешендері жаңа технологиялық және логистикалық жабдықтармен сонымен қатар заманауи техникамен жабдықталады.

Іс барысында Continental Logistics алаңында жоспарланған ұлттық тауар өткізу жүйесі мен бірінші кезеңнің көтерме–тарату орталықтарының тұсаукесері өтті.

"Ұлттық сауда–тарату желісі" ЖШС басқарма төрағасы Олжас Барлыбаев министрге болашақ нысандардың орналасу схемасын, олардың жоспарланған қуатын көрсетті. 
Біле жүріңіз, Continental Logistic ЖШС және  "Ұлттық сауда–тарату желісі" ЖШС компанияларының консорциумы ұлттық тауар өткізу жүйесін құру  жобасын жүзеге асырып жатыр.

Жобаның мақсаты АТ жүйесімен, операциялық модельмен және стандарттармен интеграцияланған 24 көтерме–тарату орталықтарынан тұратын бірыңғай инфрақұрылымдық желі құру.  Жоба үш негізгі типтегі көтерме тарату орталығын құруды көздейді. Ол сақтау, сату, тарату деген 3 тізбектен тұрады. 

"Елімізде құрылып жатқан ұлттық тауар өткізу жүйесі үлкен Еуразиялық азық–түлік хабының басты инфрақұрылымына айналады. Ол азық–түлік тізбегінің шығынын азайту, бағаны тұрақтандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту мәселелерін кешенді шешуге ғана емес, сонымен қатар экспорт арналарын құруға мүмкіндік береді. Біз  "өндіру алаңынан сөреге" дейін деген ұстанымды ұстанамыз. Осылайша тұтынушылардың сапалы өнімге қол жеткізуін қамтамасыз етеміз", – деді Бақыт Сұлтанов.

"Министрдің мәлімдеуінше, бұл логистикалық тиімділікті арттыруға, азық–түлік тізбегінің жоғалуын төмендетуге, елімізде  өндірілетін өнім бағасының маусымаралық құбылмалылығын тұрақтандыруға мүмкіндік береді, – деді Бақыт Сұлтанов.

Сөз арасында министр ведомствоның сауда нарығын стационарлық форматқа жаңғырту және электронды сауданы дамыту жөніндегі жоспармен бөлісті. 

Оның айтуынша нарықтағы өзгеріс қазіргі заманғы сауда алаңдарын қазіргі 263,4 мың шаршы метрден 395 мың шаршы метрге дейін өсіруге жағдай жасайды. Нәтижесінде тауар айналымының көлемі 246,7–ден 411,1 млрд.теңгеге дейін ұлғаяды, ал салық түсімі жылына 14,6 млрд теңгеден 19,1 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. 

"Жаңғырту тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Біздің есептеуімізше, жұмыс орындарының саны 62–ден 87 мың адамға дейін өседі. Бұл – отбасылардың тұрақты табысы, әлеуметтік аударымдар және кепілдендірілген зейнетақы", – деді Бақыт Сұлтанов. 

Бұдан кейін министр елордадағы дайын тоқыма бұйымдарын шығаратын ірі кәсіпорын – "Astana Ютария ltd өндірістік инновациялық компаниясы" ЖШС–ға барды.

Astana Ютария ltd тоқыма бұйымдарын шетелдік нарыққа шығаратын ірі экспорттаушылардың бірі. Былтыр бұл кәсіпорын Ресей Федерациясына 350 млн теңгенің тауарын өткізген.

Министр өндірістік цехтарды аралап, компания басшылығымен өндіріс пен экспортты арттыру мүмкіндігін талқылады. 

Бақыт Сұлтанов компания өкілдерін үкіметтің шикізаттық емес экспортты қолдау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы хабардар етті. Сондай–ақ ол биыл іске қосылған  "Экспорттық акселератор" бағдарламасы туралы айтты.

"Бағдарлама мемлекеттік қолдаудың қосымша шарасы болды. Ол өндірушілердің экспорттық мүмкіндігін жедел дамытуға, кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін диагностикалауға, контрагенттермен экспорттық келісімшарттарға қол қойылғанға дейін оқыту мен сүйемелдеуге бағытталған шаралар кешенін қамтиды.Биыл бағдарлама тамақ өнімдерін өндірушілермен жұмыс істейді және қытай нарығына бағытталған. Келесі жылы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына баса назар аудару мүмкіндігі қарастырылып жатыр", – деді министр.

Қанат Махамбет


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу