2016 жылы Қазақстан банктеріне депозит арқылы салынған 2,19 трлн теңгенің 90%-нан астамы мүлікті заңдастыру науқаны аясында келді. 2017 жылы мұндай ақшаны күтудің қажеті жоқ. Жаңа қор бизнесті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар есебінен жиналады деп мәлімдеді abctv.kz-ке ҚР Ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин. Бірақ ол қысқарып, қиындық тудырады.
23 желтоқсанда Қазақстанда 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жалғасқан мүлікті заңдастыру науқаны аяқталды. Осы кезеңде 4,93 трлн теңге қаражат көлеңкеден шығарылды, оның 2 трлн теңгесі банк жүйесіне түсті. Алайда заңдастырылған қаражаттың ауқымды бөлігі, 2,93 трлн теңгесі тек сөз жүзінде ғана жарияланды және оған тиісті салық салынды. Бұл ақша шын мәнінде бар ма, жоқ па, нақтысын айту қиын және оған заңдастырушы тұлғаның өзі жауапты.
Бағдарлама 2016 жылы үлкен қарқынмен жұмыс істеді, бірақ бағдарлама бойынша өндірілген қаражаттың бір бөлігін иелері есептен шығарып алды, дейді Виталий Тутушкин. Әзірше заңдастырылған қолма-қол ақшаның көп бөлігі банкте қалды ма, жоқ әлде аз бөлігі қалды ма, оны айту қиын, дейді жоғары шенді шенеунік.
Дегенмен заңдастыру науқанының арқасында былтыр еліміздің екінші деңгейлі банктерінің депозиті 2,19 трлн теңгеге өсті, басқа сөзбен айтсақ, бұл банк жүйесіне түскен жаңа ақшаның 91,2%-ын құрады.
"Биыл былтырғыдай қаражат ағылып келмейді. Енді қор жинаудың негізгі көзі "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша және "Даму" қорының тарапынан бөлінген ақша болмақ. Сондай-ақ аз да болсын халық депозиттері арқылы банкке қаражат түсіп отырады", - деп есептейді Виталий Тутушкин.
Осындай мәлімдемеден кейін "Бәйтерек" мемлекеттік холдингі ұсынған өтімділік туралы ақпарат қуантпады. Соңғы екі жылда бизнесті қолдау бағдарламалары бойынша банктерге бөлінген қаражат өткен жылы 1,3 есеге қысқарғанын хабарлады ұлттық холдинг.
2015 жылы екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру үшін мемлекеттен 238,6 млрд теңге бөлінді. Қазақстан даму банкі "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру үшін 76 млрд теңге бөлді. "Даму" қоры өз ақшасынан 17,3 млрд теңге бөлсе, халықаралық қаржы ұйымдарынан 81,4 млрд теңге тартты. Ұлттық қор банктерге 60 млрд теңге бөлсе, республикалық бюджет – 0,6 млрд теңге, әкімдіктер 3,3 млрд теңге берген болатын.
2016 жылы банктерде 181 млрд теңге бар болатын. "Даму" өз қаражатынан 13,9 млрд теңге бөлсе, халықаралық қаржы ұйымдарынан 22,3 млрд теңге тартты, әкімдіктерден 7,4 млрд теңге бөлінді. "Нұрлы жол" бойынша қаржыландыру 137,4 млрд теңгеге өсті.
Алайда заңдастырылған ақша да, мемлекет бөлген теңге де елдегі несие беруді тездетуге ықпал ете алмады.
"Қазақстанда несиеге деген сұраныс шектеулі", - деп түсіндірді бұл мәселені Виталий Тутушкин.
Банк жүйесінің қазіргі жағдайы туралы Ұлттық банктің есебіне сүйенсек, 2016 жылы екінші деңгейлі банктердің активтері 0,5%-ға, немесе 120,3 млрд теңгеге төмендеді де, 25,56 трлн теңгені құрады. Оның үстіне банктердің жағдайы (салымның артқанына қарамастан) 0,6%-ға (немесе 135,6 млрд теңгеге) қысқарып, 22,71 трлн теңгені құрады. Нәтижесінде теңгерім есебі бойынша несие қоржыны 1,2%-ға (183 млрд теңгеге дейін) кеміп, 15,51 трлн теңге деңгейіне келді. Сөзге тиек ете кетсек, 2015 жылдың өзінде қарыз қоржыны 868,7 млрд теңгеге немесе 6,1%-ға өскен болатын.
2015 жылы несие беру көлемі барлық салада өсті. Заңды тұлғалар несиесі 7,03 трлн теңгеге (+0,2% немесе 12,8 млрд), жеке тұлғаларда – 3,9 трлн теңгеге (+5% немесе 184,9 млрд теңге), тұтыну қарызы – 2,6 трлн теңгеге (+0,1% немесе 3,9 млрд теңге), шағын және орта бизнес 4 трлн теңгеге (+23,1% немесе 749,8 млрд теңге) өсті.
Өткен жылы қарыз қоржыны керісінше қысқарды, корпоративтік саралым бойынша 6,7 трлн теңгені (-8,2% немесе 601,7 млрд теңге), халыққа берілген қарыз бойынша 3,8 трлн теңгені (-2% немесе 76,9 млрд теңге), тұтыну несиелері бойынша 2,6 трлн теңгені (-2,1% немесе 55,4 млрд теңге) құрады. Тек шағын және орта бизнеске арналған несиелер ғана өрлеп, 765,4 млрд теңгеге (+18%) өсіп, 5 трлн теңгені құрады.
Қарыз қоржынының өсуіне тағы бір кері әсер етіп отырған фактор қарыз алушылардың несиесінің көп болуы деп баса айтты, Виталий Тутушкин. Бұл жайды Алғашқы несие бюросы да растап отыр. Олардың мәліметіне жүгінсек, орта есеппен елімізде жан басына 1,5 несиеден келеді.
"Республикамыздың бір тұрғынына бір ипотека немесе бір автонесиеден келеді. Кепілсіз несиесі бар әр үшінші қарыз алушының одан бөлек екі қарызы бар", - деп түсіндірді АНБ бизнесті дамыту жөніндегі директор Әсем Нұрғалиева.
Желтоқсан айында еңбекақы көлемі 21 ай қатарынан төмендеуін жалғастырды деп мәлімдеме жасалды мемлекеттік статистика комитетінде. Ұлттық банктің бағамы бойынша, қараша айындағы табыс 5,9%-ға төмендегені байқалды, ал желтоқсандағы еңбекақы бір жыл бұрынғы деңгейден 3,6%-ға кем болған.
Құлдыраудың енді бір себебі несие мөлшерлемелерінің жоғары болуы, сондықтан халық банктен несие алмауға тырысады, дейді Виталий мырза. Бірақ бұл мәселеде реттеушінің де ықпалы бар. Ол негізгі мөлшерлемені 12% деп белгіледі, бұл банктер үшін несие беру тартымсыз болып қалуына әкелді.
Егер өткен жылдың қаңтарында Ұлттық банк ноталарының көлемі 400 млрд теңге болса, қарашада табыстылығы 12,2% - 2,5 трлн теңгеге жетті. Өткен жылдың қараша айында өткен баспасөз мәслихатында Халық банкі басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова несие бойынша тиімді мөлшерлеме 14% деңгейінде болғанын айтты. Бұл ағымдағы қор жинау мөлшерлемелерімен тепе-тең деуге болады және депозиттер мөлшерлемесінен сәл жоғары (заңды тұлғаларға – жылына теңгемен 10,5%; жеке тұлғаларға 12%).
"Бұл жағдайда банктер белгілі бір тәуекелге барады және операциялық шығынға ұшырайды. Сондай-ақ қаржы институттары құжат рәсімдеуі керек, түрлі мониторинг пен талдау жасау керек. Бұл жағдайда бізде бір таңдау бар – бұл сенімді әрі салық салынбайтын Ұлттық банктің ноталарын сатып алу", - дейді ол.
Банк секторының сыртқы міндеттемелерін де ескерген жөн, Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 2016 жылдың ІІІ ширегінің соңында ол 7,55 млрд доллларды құрады. Кестеге сәйкес, банктер 2,98 млрд долларды, немесе сыртқы міндеттемелердің 39,5%-ын 2016 жылдың IV ширегінде (894 млн доллар) және 2017 жылы (2,12 млрд доллар) өтеуі тиіс. Негізгі төлем (2,5 млрд доллар) биылғы жылдың І жартыжылдығына белгіленген.
Үміт ханымның айтуынша, ноталардың табыстылығы кем дегенде 2% төмендеуі тиіс. Тек сол жағдайда ғана экономиканы несиелеу тартымды болар еді. Елбасының жаңа жолдауында экономикалық өсімге жауапкершілікті реттеушіге, ал орта және ұзақ мерзімді қор жинауды ұлттық холдингтерге жүктегенін ескерсек, елде ақша жоқ, ал бар ақшаны жұмсауға ниет жоқ.
Жолдауда жаңа шығындар туралы сөз болған жоқ және бұл басты хабарлама. Енді инфляцияға жол ашпау үшін реттеуші үкіметпен бірлесіп, ақша салу схемасын жан-жақты ойластыру керек.
Сара Бухина