2016 жылы банк қызметкерлеріне 230,26 млрд теңге жалақы төленді

Сара Бухина Сара Бухина
23720

Ірі банктерді біріктіру нәтижесінде шығынды оңтайландыру несие индустриясының әрбір оныншы қызметкерін жұмыссыз қалдыратын түрі бар.

2016 жылы банк қызметкерлеріне 230,26 млрд теңге жалақы төленді Фото: reuters.com

Осы жылы банк нарығындағы шоғырландыру процесін жылдамдатудың өзі ірілендірілген екі қаржы институтының пайда болуы мүмкін екенін білдірді. Банк шығынын оңтайландыру және оның тұрақтылығын арттыру – банктерді біріктірудің ең басты мәселелерінің бірі. Оның ішінде ең бірінші болып қызметкерге жұмсалатын шығын қысқаруы мүмкін. Аbctv.kz-ке сұхбат берген сарапшының барлығы банк саласындағы әрбір оныншы қызметкердің жұмыссыз қалу қаупі бар екенін айтады.

Елдің энергия ресурстары мен басқа экспорттық кіріс баптарына бағаның түсуі – отандық бизнес пен үкіметті ащы шындықпен бетпе-бет келуге әкелді. Алайда осындай жағдайда өз шығынын оңтайландыру – мемлекет пен жеке секторға қолданылатын ең басты дағдарысқа қарсы стратегия.

Бұдан қазіргі уақытта бұрынғы жиналып қалған проблемалар мен ішкі активтер құрылымына әсер еткен бүгінгі бағам теңсіздігінен банк секторы да тыс қала алмады. Экономикалық өсімнің төмен қарқыны, айлық жалақының түсіп кетуі және несиелеуді тоқтатуға әкелген инфляциямен күрес – мұның барлығы банк ойыншылары үшін жұмыс істеу алаңын қысқартады. Олардың тұрақтылығы мен арттыру тиімділігі жайлы мәселені көтеретіні заңды. Себебі несие нарығының тоқырауы барысында қаржы институттарын ұстап тұру шығыны да артты.

Бірігу жөнінде бірқатар келісімнің жасалуы және ірі банк бизнесіне қатысушылар арасында қосып алудың дәл 2017 жылдың басында болуы тегін емес. Реттеушінің айтуынша, банк секторын біріктіру қажет, бұл отандық нарықтағы қаржы делдалына жұмсалатын шығынды оңтайландыруға, клиентке ұсынылатын қызмет құнын азайтуға және барлығына қажет ымыраға әкелуге мүмкіндік береді.

Шығын есебі

Ұлттық банктің ел банктерінің табысы мен шығыны туралы жинақ есебі, оларды ұстап тұруға кеткен шығыны 2016 жылы 14,2%-ға (52,2 млрд теңге), 420,9 млрд теңгеге артқанын көрсетеді. Түсінікті болу үшін мұның еңбекақыны төлеудің жылдық шығыны, ақша аударуды қоса алғанда, жалпы шаруашылық қажеттілігі және бюджетке түскен салық/төлем екендігін айтып өту керек.

Егер табыс салығы (2016 жылы – 80,12 млрд теңге) шығынын қосатын болсақ, жиынтық шығынның 501 млрд теңгеге жеткенін көреміз. Соңғы 3 жылда бұл сан 25%-ға артты.

Банктердің операциялық шығынының көбісі 54,7%-ы немесе 230,26 млрд теңгесі (2016) қызметкер ұстауға кеткен. Еңбек нарығының ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің еңбек нарығы статистикасы көрсетіп отырғандай, соңғы екі жылда, яғни шикізат пен мұнай бағасы түсе бастаған кезде банк қызметкерлерінің іс жүзіндегі саны тура 10%-ға (немесе 7,7 мың адамға), 74,5 мың адамға дейін қысқарған.

Бұл дағдарысқа деген оң реакция, ал бір жағынан, БТА және "Қазкоммерцбанктің" бірігуінің салдары болуы мүмкін. Бұған дейін, 2010-2014 жылдар аралығында қызметкер саны 1,4 есе (23,5 мың адамға), яғни 82,2 мыңға дейін артқан. Штаттағы қызметкерлерді оңтайландыруға қарамастан, банктер еңбекақыны төлеу қорын белсенді арттырып отырған. Соңғы алты жылда ол бірыңғай артқан, алайда соңғы уақытта баяуласа да, 121,2 млрд теңгеден 258,5 млрд теңгеге дейін екі есе артқанын көрсетіп отыр.

Бірігу экономикасы

Бірігу жөнінде келіссөз жасауда өзінің бәсекелес банкін сатып алатын акционерлер экономикалық жағынан үнемі пайда көруі керек. Ол қайталанатын міндеттерді атқаратын қызметкерлерді қысқарту, не бірігетін ЕДБ-ның операциялық бөлімшелері мен филиалдарын қысқарту есебінен іске асады деп әңгімеледі Қазақстан нарығынан кеткен HSBC банктің бұрынғы басшысы Әлихан Қанапия.

"Әдетте егер пайда 30% ғана болса, онда бұған келісім жасалмайды. Сондықтан қысқарады, бірінші кезекте, қызметкерлер қысқарады деп ойлаймын. Ал банкомат желілері жайлы айтар болсақ, бұл құр "темір" емес екенін ескерген жөн. Олардың белгілі бір операциялық жүйеге негізделгені негізгі фактор.

Егер бірігетін банктердің желісіне қызмет көрсетумен бір компания ғана айналысатын болса, онда оларды сақтап қалып, бірыңғай платформаға көшіруге болады. Ал егер әңгіме әртүрлі бағдарлама туралы болса, онда кіріктіруге кететін шығын үлкен болады, ондай болса, банкоматтар желісінің біреуін жапқан дұрыс", – дейді Әлихан Қанапия.

Бірігу туралы жоспарын жариялаған ірі төрт банктің операциялық шығынының жиынтығы 195 млрд теңге. Егер шоғырландырылған көрсеткішті банк холдингтерінің еншілес құрылымдарының көрсеткіштерімен қоса қарайтын болсақ, онда бұл тағы 10-15%-ға өседі. Оның қызметкерлерге кететін шығынының үлесі 41% немесе 80 млрд теңгеден асады.

ҚР Қаржы министрлігінің депозиттік қаржы есебіне сүйенер болсақ, банк саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы саны 68,1 мың адамға жуықтайды. Оның 40%-ы (27,06 мыңы) қазір қатысушылардың шоғырландырылатын 25%-ына кіреді.

Банктердің бағалауынша, олардың құрылымында 30,4 мың адам жұмыс істейді. Бұл – ұлттық экономика министрлігі статистикалық комитетінің мәліметіне жүгінсек, ҚР ЕДБ қызметкерлерінің 40,8%-ы. Оның ішінен Халық және "Қазкоммерцбанк" үлесіне 12 мың және 10,8 мың адамнан келеді. "Цеснабанк" және "ЦентрКредитбанк" қызметкерлерінің штаттық саны шамалас, яғни 3925 және 3648 адам.

Бірігетін банктердің штатын шартты 30% оңтайландыру барысында 8,93-10,02 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл ҚР ЕДБ-ның барлық қызметкерінің 12-15%-ы.

"Цеснабанк" пен "ЦентрКредитБанк" кестесі олар біріккен кезде қысқартуға болатындай үлкен емес деп есептейді "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ сараптама департаментінің директоры Нұрлан Ашинов. Ал Халық және "Қазкомерцбанк" кестесі жекелеп алғанның өзінде алдыңғы екі банкке қарағанда өте үлкен.

"Біріктірудің синергетикалық нәтижесін операциялық шығындарды оңтайландыру немесе басқаша айтар болсақ, қайталанатын позицияларды қысқарту арқылы алуға болады. Алайда қарапайым менеджерлер саны азаймайтын сияқты, себебі банктердің штаттық кестесі үлкен емес және оларды осы деңгейде қалдыруға болады. Ал қысқарту топ-менеджелерге қатысты болатын сияқты", – дейді сарапшы.

Қазақстанның банк секторы мұндай тәжірибені бұдан бұрын да бастан кешірген. 2014 жылдың шілде айында "Қазкоммерцбанк" және Кеңес Рақышев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-тан "БТА Банк" акцияларын әрқайсысы 46,5%-дан сатып алған болатын. Қаржы институттарын біріктіргеннен кейін қызметкерлердің 20%-ы қысқарды деген болатын Кеңес Рақышевтың өзі 2016 жылдың мамырындағы әңгімеде.

Филиал желісі және банк инфрақұрылымы

Банктердің бірігу әлеуеті банктердің филиалдық желісіне де әсер етеді. Осы жылдың 13 ақпанына дейін елдегі ЕДБ-да барлығы 349 филиал мен 1833 бөлімше болған. Ақпан айының басында мемлекеттік статистика базасында және Ресей Орталық банк әдісімен "АӨҚО" АҚ рейтинг агенттігі ел өңірлерінің банк қызметімен қамту индексін әзірледі.

"Өңірлердің банк қызметімен қамтудың жиынтық индексі: банк қызметінің институционалды молдығы, банк қызметінің қаржылық молдығы және жинақ ісін дамыту индексімен есептеледі. Көрсеткіштің сандық және өңірдегі банк секторының инфрақұрылымын бағалауға, оның даму деңгейін көршілес өңірлермен және жалпы ел бойынша салыстыруға мүмкіндік береді", – дейді рэнкинг құрастырушы.

Төрт банктің бірігуі ҚР ЕДБ-ның барлық филиалы мен бөлімшесінің 48,2%-ын (немесе 1053) олардың қол астына жинауы мүмкін. Қалған 14%-ды (305) "Цеснабанк" және "ЦентрКредитБанк" альянсы өз мойнына алады.

"Цеснабанктің" "үлкен" филиал желісі елде көлемі жөнінен екінші тұр. Сонымен бірге жоғарыда сарапшылар айтып өткендей, бірігу барысында оңтайландырылуы екіталай. Ал Халық банктің бөлімшелер желісі ресми түрде қысқаруы мүмкін. Бірақ қаншаға қысқаратынын болжауға әзірге ешкімнің тәуекелі жетпей отыр.

"Алматыдағы ЕДБ филиалдары мен бөлімшелерінің саны аз болса да, дәл қазіргі уақытта оларды азайту және жалпы секторға шоғырландыру үрдісі болуы мүмкін. Бұл үрдіс қазіргі уақытта бүкіл әлемде көрініс тапты", – дейді АӨҚО.

Дәл қазіргі уақытта Халық банктің менеджменті өзінің филиалдық кестесін оңтайландыруда қандай мақсатты басшылыққа алатынын болжау қиын. Алайда Халық банк "Қазкоммерцбанкті" сатып алғаннан кейін мегабанк бірқатар өңірдегі олардың жалпы санының ≥40% үлесіне ие болады.

БТА және "Қазкомерцбанктің" бірігу тәжірибесіне қарап, филиалдар мен бөлімшелер санының 2015 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша 333-ке дейін болмашы ғана артқанын көрсетеді. Алайда 2017 жылдың басына қарай олардың саны 26,7%-ға (89 бөлімше) 244-ке дейін қысқарған.

Сонымен бірге банкоматтарды біріктіру мәселесі де шешілуі керек. Бүгінгі күні ойыншылардың мәліметіне сүйенер болсақ, оларда 5612 аппарат бар. "Қазкоммерцбанкте" – 2282, Халық банкте – 2368, "Центркредитбанкте" – 614, "Цеснабанкте" – 348 банкомат бар.

Бұрынғы ірі банктердің бірігу тәжірибесі оңтайландырудың банкоматтық инфрақұрылымға қатты әсері болмайтынын көрсетеді. БТА және "Қазкомерцбанктің" бірігуі банкомат санының 5,7%-ға (51 аппарат), 2208 машинаға дейін қысқаруына әкелді.

Сара Бухина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу