Жатақхана салу тиімді кәсіп көзіне айналмақ

Осы мақсатта республикалық бюджеттен 152 млрд теңге көзделген.   

Жатақхана салу тиімді кәсіп көзіне айналмақ

 "Бұл мемлекет пен жекеменшік сектордың әріптестігіне негізделеді. Инвестор өз қаражаты есебінен нысанды пайдалануға береді. Ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет онда мақсатты тапсырыс орналастырады. Осы жерде үш маңызды тетік бар.  Біріншісі, орналастыру принципі. Мемлекеттік тапсырысты берудің негізгі талабы – студент жатақханада тұруы керек", – деді спикер.

Бұл ретте қаржы жан басына бөліненін айта кеткен жөн. Мемлекеттік тапсырыс мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, құрылыс салу немесе реконструкция жасау арқылы жаңа жатақханаларды қолданысқа беретін барлық ұйымдарға бөлінеді.

"Екіншіден, орналастыру мерзімі ескеріледі. Мемлекеттік тапсырыс ай сайынғы төлем негізінде 8 жылға беріледі. Демалыс кезеңінде соңғы оқу айында тұрған студенттердің саны негізге алынады. Үшіншісі, төлем сомасы. Бір студентке мемлекеттік тапсырыстың жыл сайынғы мөлшері: жатақхана жаңадан салынған жағдайда – 122 АЕК (Алматы қаласында – 144 АЕК), реконструкция жасалған жағдайда – 47 АЕК, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынды – 92 АЕК", – деді спикер.

Асқар Ибраимовтың айтуынша төлемдер екі еселеніп беріледі. Яғни жатақханада 100 адам тұратын болса, төлемдер 200 адамға қарастырылады.

"Осы мақсатта республикалық бюджеттен 152 млрд теңге көзделген. Мемлекеттен төлемдер мерзімі аяқталғаннан кейін, нысан құрылыс салушының меншігінде қалады", – деді орталық басшысы.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігі "Қаржы орталығы" АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов студенттерге жатақхана салуға кәсіпкерлерді тарту мәселесіне тоқталды, деп жазды inbusiness.kz.

Бұл ретте тек жалғыз шарт бар. Ол 20 жыл мерзімге нысанның мақсатын өзгертпеу туралы міндеттеме рәсімдеу.

Сонымен қатар жатақхана кәсіпкерлер үшін тиімді бизнес көзіне айналады. Себебі студенттердің ай сайынғы тұру ақысы мемлекеттік тапсырыстың құнына кірмейді.

"Оның сомасын жатақхана иесі реттейді және нақты өңірдегі тұрғын үй нарығының жағдайымен белгіленеді. Сондай-ақ нысан иесі тұрмыстық қызмет көрсету үшін коммерциялық алаңдар салуға құқылы", – деді "Қаржы орталығы" АҚ басқарма төрағасы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу