"Бәйтерек" нарықта қарыз алуды арттырады

Дина Ермаганбетова Дина Ермаганбетова
15849

Бірінші кезекте, мемлекеттік холдинг БЖЗҚ ақшасына бағытталады.

"Бәйтерек" нарықта қарыз алуды арттырады Фото: liter.kz

"Холдинг отандық және шетелдік инвесторлар үшін "бір терезе" қағидасымен қаржылық қызмет көрсетудің кешенді пакеті мен инвестиция тартуға баса көңіл бөледі. Холдинг қарыз алуды, бірінші кезекте, мемлекеттік емес қордан бастайды", – дейді холдинг басқармасының төрағасы Ерболат Досаев инвестиция және даму министрлігі алқасында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, бұрын бюджеттік қаржыландыру мемлекеттік холдинг тартқан несиенің тура жартысы болатын. "Мемлекеттік қордан түсетін қаражат мөлшері бірте-бірте азаяды да, мемлекеттік емес қорлардан қарыз алу артады деп ойлаймыз", – дейді ол.

Ол 2017 жылы "Бәйтерек" холдингінің "еншілестерінен" тек "Даму" қоры екі халықаралық қаржы институтынан несие тартқан. Алғашқы 6 айда шағын және орта бизнес жобаларын 247 млрд теңгеге қаржыландыру жоспарланып отыр.

"Біздегі сыртқы қарыз нарықтағы жағдайдың қалыптасуына байланысты болады. Елдің қазіргі тәуелсіз рейтингін және "Бәйтерек" рейтингін есепке алсақ, ақша құны әзірге артықтау, сол себепті халықаралық институттармен екі жақты келісімді көбірек талқылаймыз. Шағын және орта бизнес үшін Азия даму банкі және Еуропалық инвестициялық банктен 400 млн долларға дейін қаржы тартамыз. Әрбір несие желісі 200 млн доллардан болады. Ал егер Қазақстан даму банкінен және басқа да еншілес ұйымдардан қарыз тарту туралы айтар болсақ, онда ішкі нарыққа көбірек көңіл бөлеміз, бұл, бірінші кезекте, БЖЗҚ", – дейді Ерболат Досаев abctv.kz-ке берген сұхбатында.

Басқарма басшысының айтуынша, 2017 жылы елдің индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ) бағыттарын қаржыландыру үшін холдинг 80 млрд теңге мөлшерінде ең жоғары бюджеттік транш бөледі. 2016 жылы ИИДМБ аясында ірі жобаларды қаржыландыру үшін холдинг Қазақстанның даму банкінен 295 млрд теңгеден астам қаражат, республикалық бюджеттен 95 млрд теңге, Ұлттық қордан 85,3 млрд теңге және БЖЗҚ-дан 115 млрд теңге тартқан.

"ШОБ қолдау барысында холдинг екінші деңгейлі банктерде қаражат орналастыру арқылы 7275 жобаға 337 млрд теңге, мөлшерлеме сыйақысын субсидиялау арқылы 2121 жобаға 332 млрд, кепілдендірілген несие арқылы 1132 жобаға 27 млрд теңге қолдау көрсеткен. Нәтижесінде ШОБ субъектілеріне берілген жалпы несиеде холдингтің үлесі 36,6% болды", – дейді Ерболат Досаев.

2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында жалпы құны 952,7 млрд теңге тұратын 719 жұмыс орнын құратын ірі сегіз бизнес жобасын енгізу міндеттеліп отыр.

"Барлық жобада Қазақстанның даму банкі арқылы жасалған қарыз үлесі бар", – дейді Ерболат Досаев.

Экспортты қолдау барысында 150 экспорттық келісімшартты сақтандыру, қабылданған сақтандыру міндеттерін 44,8 млрд теңгеге дейін арттыру, екі жобаны 27,6 млрд теңгеге экспорт алды қаржыландыру жоспарланып отыр.

"2017 жылдың көктемінен бастап жауапкершілікті және дербестікті еншілес ұйымдар деңгейіне беру мақсатында холдинг ішіндегі міндеттерді қайта бөлу жоспарланып отыр", – дейді басқарма төрағасы.

Дина Ермағанбетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу