"Қазақмыс" кәсіподақ басшысын қайта сайлады

5137

Қарағандыда "Кәсіп Қорған" кәсіподақ ұйымдарының кезектен тыс V съезі аяқталды.

"Қазақмыс" кәсіподақ басшысын қайта сайлады

"Кәсіп Қорған" тау-кен металлургиялық кәсіпорындар мен аралас өндіріс жұмысшыларының  салалық кәсіби одағының  төрағасы  етіп  Тоғызбай Тәжбеновті қайта сайлады. Бұл туралы abctv.kz –ке 9 қараша күні өткен кезектен тыс V съезд қорытындысы бойынша кәсіподақтың баспасөз қызметі хабарлады. Шара Қарағанды облысындағы "Нұр Отан" партиясының филиалы ғимаратында өтті. 

Съезд делегаттары бүгінгі күні қазақстандық кәсіподақ ұйымдары жұмыс істеушілердің құқығын ойдағыдай қорғап, жұмыс берушілермен бірге еңбек шарты мен қауіпсіздігін жақсартуда деп отыр. Елдегі кәсіподақтар 3 млн қазақстандықтың жұмыс орнын сақтап қалуға көмектесті деп, шара барысында статистиканы келтіріп кетті. Мәселен, тек бір "Кәсіп Қорған"  ұйымында "Қазақмыстың" шамамен 55 мың қызметкері бар.

"Тап осы кәсіподақтар қуатты, әлеуметтік-еңбек қатынастары мен әлеуметтік серіктестіктің мәселелерін шешетін жасампаз әлеуметтік институт болуға тиіс. Бүгінгі таңда "Кәсіп Қорған" кәсіподақ ұйымы еліміздегі еңбек адамының мүддесі  мен құқығын қорғау саласындағы ең ірі қоғамдық ұйымдардың бірі", – деді Тәжбенов.

"Кәсіп Қорған" жұмысының негізгі басқа бағыты- жұмыскерлер мен кеншілердің лайықты еңбекпен қамтамасыз етіп, адекватты әлеуметтік пакетін алу құқығын қорғау.

"Кәсіподақ өзіне мүше қарапайым жұмыскерлеріне Қазақстанның атақты шипажайында демалуға жолдама береді. Сондай-ақ жыл сайын корпорация жұмыскерлерінің жалақысын арттыруды талап етеді", – деді abctv.kz –ке "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС-ның Шығыс жезқазғандық кенішінің бригадирі Ерден Махамбетов.

Съезд барысында 110 делегат сайланды, оның 105-і шараға қатысты деп көрсетілген кәсіподақ ұйымы хабарламасында. Күн тәртібінде кәсіподақ ұйымы қозғалысын жетілдіруге қатысты жұмыс пен міндеттердің қорытындысын жасау, сонымен қатар орталық кеңес пен қоғамдық бірлестік комиссиясының құрамын сайлау болды.

Съезд жұмысына "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС компанияларының басшылары , "Қазақмыс Смэлтинг", KAZ Minerals Menegment, Қазақстандық еңбек федерациясының үйлестіру кеңесінің бас хатшысы Мұрат Мәшкенов, сондай-ақ тау-кен өндіру және тау-кен-металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы директорының  бірінші орынбасары Төлеген Мұқанов қатысты. Съезд соңында "Қазақмыс" Корпорация" ЖШС бас директоры Бақтияр Қырықпышев кәсіподақтың ерекшеленген мүшелерін марапаттады. Ал қайта сайланған ҚҰ басшысы Тоғызбай Тәжбенов кәсіподақтың жаңа мүшелеріне куәлік табыстады.

Сұлтан Биманов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу