"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ы айырбас бағамынан пайда көруде

14403

Әлсіз теңге әлемдік мұнай бағасының құлдырауын жуып-шайып кетті.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ы айырбас бағамынан пайда көруде

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" (ҚМГ БӨ) мұнай өндіруші компаниясы 2016 жылдың 9 айының жинақталған аралық қысқа қаржылық есебін жариялады.

Құжатта көрсетілген мәліметке қарасақ, 2016 жылдың 9 айында компанияның табысы 515 млрд теңгені құраған (1,496 млрд доллар), бұл 2015 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 47%-ға артық.

"Табыстың өсуі негізінен теңгенің орташа айырбас бағамының долларға шаққанда 76%-ға артуынан және Brent мұнай бағасының 24%-ға жартылай теңесіп төмендеуінен, сондай-ақ мұнайды процессингілеу кестесіне көшуінен болып отыр", – деп түсіндірілген есепте.

Нәтижесінде 2016 жылдың алғашқы 9 айында таза табыс 76 млрд теңгені (220 млн долларды), ал операциялық қызметтен түскен таза ақша ағыны 108 млрд теңгені (314 млн долларды) құрады.

Мұнай өндіру жайында айтар болсақ, бұл жерде есепке сәйкес, мұнайдың едәуір төмендегені байқалады.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" компаниясының "ҚазгерМұнай" БК", CCEL және "ПетроҚазақстан Инк" ЖШС-дегі үлестерін есепке ала отырып, 2016 жылдың алғашқы 9 айында 9,1 млн тонна мұнай өндірген, бұл 2015 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға аз.

Сонымен бірге "ӨзенМұнайГаз" және "ЕмбаМұнайГаз" АҚ-ларының мұнай өндіру көлемі 6,3 млн тоннаны құраса, бұл былтырғыдан 1%-ға артық.

Есепте "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" үстіміздегі жылы ішкі нарыққа шикі мұнай беруді арттырған деп көрсетілген.

Компания 2016 жылдың алғашқы 9 айында шамамен 6,3 млн тонна шикі мұнай сатқан. Бұл көлемнің 3,7 млн тоннасы экспортқа шыққан, ал 2,5 млн тоннасы ішкі нарыққа кеткен.

"Егер 2016 жылдың бірінші тоқсанында мұнайды өздігінен процессингілеу кестесіне көшкенге дейін, ішкі нарыққа шығарылған шикі мұнай 830 мың тоннаны құраған болса, ал 2016 жылдың екінші және үшінші тоқсандарында ішкі нарыққа 1,7 млн тонна шикі мұнай одан әрі өңдеу үшін жеткізілген",– делінеді компанияның жиынтық есебінде.

Ішкі нарықтағы шикі мұнай көлемін айтар болсақ, 2,5 млн тонна мұнайдың 1,9 млн тоннасы Атырау мұнай өңдеу зауытына , 556 мың тоннасы Павлодар мұнай-химия өңдеу зауытына жеткізіліпті.

Сонымен бірге мұнай өнімінің қосымша 4 мың тоннасы ішкі нарықта сатылған.

ҚМГ БӨ қаржыгерлері компанияның шикі мұнай сату мен әкімшілік шығындары көлемінің өскенін жасырмайды.

2016 жылдың алғашқы 9 айында ол 95 млрд теңгені (275 млн долларды) құрап, былтырғы көрсеткіштен 4%-ға артық болды.

Шығындардың көбеюіне көлік шығындарының өсуі себеп болып отырған көрінеді. "Көлік шығындарының өсуі негізінен теңгенің орташа айырбас бағамының долларға шаққанда 76%-ға артуынан болып отыр. Себебі, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) бағытымен тасымалдау тарифі негізінен доллармен есептеледі. Сондай-ақ, шығындардың өсуі ішкі нарықтағы тарифтердің 21%-ға артуынан болды", – делінген құжатта.

 

Салықтық жүктеменің төмендеуі

2016 жылдың алғашқы 9 айындағы салық 116 млрд теңгені (337 млн долларды) құрап, 2015 жылғы көрсеткіштен 12%-ға төмен болды.

"Экспорттық кеден бажы (ЭКБ) шығынының өсуімен жартылай орны толған салықтың төмендеуі – ренталық және пайдалы қазбаларды өндіру салығының (ПҚӨС) азаюынан болды", – деп көрсетілген есепте.

ЭКБ-ның өсуі шикі мұнай экспорты көлемінің 13%-ға және мұнай өнімдері экспортының артуынан және 2016 жылдың сәуір айынан бастап компанияның мұнайды өздігінен процессингілеу кестесіне көшуі салдарынан, сондай-ақ теңгенің орташа айырбас бағамының долларға шаққанда артуынан болды.

"Бұл ЭКБ-ның орташа мөлшерлемесінің былтырғы жылғы осындай кезеңдегі бір тонна үшін 66 доллар болған мөлшерлемесінен 2016 жылдың алғашқы 9 айындағы бір тонна үшін 37 долларға дейінгі азаюымен жартылай өтелді", – деп нақтыланады құжатта.

Brent мұнай бағасының төмендеуі рента салығының еркін мөлшерлемесінің төмендеуіне алып келеді. Сондай-ақ рента салығы үшін салықтық базаның және ПҚӨС-тің төмендеуіне әкелді де, олар теңгенің орташа айырбас бағамының долларға шаққанда артуымнен жартылай толықты. 2016 жылдың үшінші тоқсанында ПҚӨС және рента салығы қосымша 11,5 млрд теңгеге және сәйкесінше 6,3 млрд теңгеге төмендеді.

Қарыздар жайында айтар болсақ, олардың көлемі үстіміздегі жылдың 9 айында 10 млрд теңгені (30 млн долларды) құрады. Былтыр ҚМГ БӨ-нің жалпы қарыз көлемі 12 млрд теңгені (34 млн долларды) құраған.

Күлпаш Қоңырова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу