"Сәтті Жұлдыз" АҚ ең беделді салалық қауымдастық құрамына кірді

2151

Бүкіләлемдік лотерея қауымдастығы қазақстандық нарықтағы ұтыс ойындарын өткізудің адалдығын растады.

"Сәтті Жұлдыз" АҚ ең беделді салалық қауымдастық құрамына кірді

Бірыңғай отандық оператор Бүкіләлемдік лотерея қауымдастығына (WLA әлемдегі ең беделді салалық қауымдастық) тұрақты мүшелікті ресми растайтын құжатты алды. Бұған дейін қазақстандық компанияның ұтысты адал өткізетінін Еуропалық лотерея қауымдастығы да растаған болатын.

Әр елдің ресми ұлттық операторлары үшін бұл тек ашықтық пен айқындық көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар нарықтағы заманауи технологияларға деген қолжетімділік.

"Бүкіләлемдік лотерея саммиті – дүниежүзіндегі лотерея саласы үшін ең ауқымды және маңызды шара. Лорея саммиті екі жылда бір рет өтеді, осы уақыт ішінде лотерея нарығы түбегейлі өзгеріп, технологиялар жаңарып, ойыншылардың өздері мен олардың болжамы өзгереді. Сондықтан шараға қатысушылардың пікіралмасуы мен талқылауы үшін тақырып жеткілікті", – деп атап кетті "Сәтті Жұлдыз" АҚ президенті Александр Тен.

Бүкіләлемдік лотерея саммиті қараша айының соңында Буэнос-Айресте өтті.

Бүкіләлемдік лотерея қауымдастығының мәліметі бойынша оның құрамына әлемнің 83 елінен 149 лотерея операторы кіреді. Саммит барысында кәсіподақ құрамына 5 жаңа мүше қабылданды, оның ішінде Қазақстандағы ұлттық лотерея операторы "Сәтті Жұлдыз" бар. Сонымен қатар 2 лотерея опеарторы қауымдастық құрамынан шықты.

Бүкіләлемдік лотерея қауымдастығына мүше болу үшін:  

жауапты ойын ережелерін ұстану;
кірістің белгілі бір бөлігі әлеуметтік жауапкершілікке бағытталып;
лотерея ойындарын ұйымдастырудың жоғары деңгейі, ұтыстың ашықтығы мен кездейсоқтық кепілі басты талап болып табылады.

Еске салар болсақ,"Сәтті Жұлдыз" АҚ Қазақстан аумағындағы бірыңғай оператор болып сайланып, алғашқы ойынын 2018 жылдың наурызында бастаған болатын. Заңға сәйкес, ЕТЖ-дан (ең төменгі жалақы) 50%-ға жоғары ұтыстарға 10% салық салынады, яғни Бірыңғай оператор лотерея билеттерін сатудан түскен қаржылық қаражаттың 10%-ын міндетті түрде мемлекет бюджетіне аударады. "Сәтті Жұлдыз" акционерлік қоғамы біржақты тәртіпте ерікті түрде спортты дамытуға арналған аударымды 10%-дан 15%-ға дейін арттыруды ұсынып, аударым мөлшерін өсірді. Бұған қоса, ұлттық оператор тиімді шарттарда серіктес болуды ұсынып орта және шағын бизнеске қолдау білдірді.

Карина Нуртаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу