Амал келді – жыл келді!

2991
 Амал келді – жыл келді!

Бұл мейрамды маңғыстаулықтар айрықша атап өтеді. Үлкен-кіші асыға күтіп, ұлттық киімдерін киіп, құшақ жая көрісіп, сағына қауышып, емен-жарқын амандасады. Араз болған жандар алыстан ат арылтып арнайы келіп, өкпе-ренішін ұмытып, татуласады. Дастарханды ұлттық асқа толтырып, мол жаяды. Бұл  – кіршіксіз көңіл мен аппақ тілектердің мерекесі. Қыс құрығы ажырап, жердің тоңы босап, мал төлдейтін табиғаттың көл-көсір мейрамы.

Амал келді – жыл келді!

Небір қиын кезеңдерде ұмытылмай, ағайындардың көріскен қолы мен айқасқан құшағы бір-бірінен ажырамаған күйі маңғыстаулықтар мерекені ұрпақтан ұрпаққа жалғап ке¬леді.

«Көрісу күні» деп ерекше ұлықтайтын мереке жылдағы дәстүрмен Отпан таудың өрінде басталды. Қаратаудың ең биік шыңы –  Отпан тау баурайына 42 ақшаңқан киіз үй тігілді. Биылғы шараны ұйымдастыру үшін жауапкершілікті Тобыш ата ұрпақтары қолға алды.  

Амал келді – жыл келді!

Мейрам аясында  қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, көрермен көзайымына айналды.  Думанды мерекеге «Астана сазы» фольклорлық ансамблі арнайы келіп, өнер көрсетті.

Амал келді – жыл келді!

Шараға 10 мыңға жуық адам қатысты. Бұдан бөлек Астана қаласынан әнші Жеңіс Ысқақова, Қарақалпақстан елінің әншісі Жеңісбек Пиязов, Айгүл Қосановалар да өз өнерін паш етті.

Маңғыстауда Амал мерекесі Отпан таудағы Адай ата кесенесі басында 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Ұлтты ұйыстыру, қазақтың баласын бір тудың, бір ұранның астына бірік¬тіру мақсатында Амал күніне қараған түні Бірлік оты жағылды. Елдің амандығы, жердің тыныштығы үшін тілек тілеп, дұға жасалды. Ақсақалдар бата беріп, жастар білек сыбана қызмет етті. 

Амал келді – жыл келді!

Шараны көру үшін арнайы Түркия елінен, Өзбекстан республикасынан, өзіміздің еліміздің басқа аймақтарынан арнайы қонақтар келіп, Амал тойының географиялық ауқымы да ұлғая түсті. Амал мерекесінің халықтық сипат алуы, ұлттық дәстүріміздің етегін кеңге жаюы деп қуана қабылдануда. 

«Бұл мерекелердің ішіндегі ең ұлысы. Себебі: бірлікке, татулыққа, имандылыққа, мейірімділікке бастайтын мереке. Әдептілікті ұлағаттайтын мереке. Мен Астанадан келіп тұрмын. Жыл санап шетелден келушілер көбейді. Әзірбайжан, Қарақалпақстаннан жете алмай, дұғай сәлем жолдап жатқандары қаншама! Ұлтымызды ұлықтайтын мейрам құтты болсын!» – дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы. 

«Амал – Алаш мейрамы» деген атаумен өтіп жатқан мәдени-көпшілік шара аясында Қарашаңырақ, Ақсарай ғимараттарында «Ұлыстың ұлы күні: тарихи тағылым мен жаңа көзқарастар» тақырыбында халықаралық конференция өтті. «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін» танымал тұлғалар бүлдіршіндердің тұсауын кесті.

Амал келді – жыл келді!

Шара аламан бәйгемен жалғасты. Қазақша күрес, аударыспақ, көкпар ұлттық спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Тазы жүгірту, бүркіт салу, қошқар көтеру сынды ойындарды көпшіліктің назарына ұсынды. 

Амал келді – жыл келді!

Сайыстар бойынша жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар берілді.

Тасым Жаңай

Фото: Серік Маймеров

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу