Ағыс қатты, жағдай бақылауға алынды

97432
Ағыс қатты, жағдай бақылауға алынды

Қарағанды облысында бірнеше ауыл суға кетті.

Облыстық ТЖД мәліметі бойынша,  шұғыл әрі апаттық-құтқару жұмысына  жеке құрамның  346 қызметкері және  ТЖ департаменті, жергілікті полиция қызметі және ҚР Ұлттық гвардия әскерінің  113 бірлік техникасы жұмылдырылған.

14 сәуірде өңір басшысының орынбасары Андрей Ляпунов тілшілерге Қарағанды облысында су тасқынының жағдайы күрделі екенін жеткізген. Негізгі өзендер – Нұра және Шерубай-Нұра арнасынан асып төгілген. Өзендердегі судың арыны бүгін және ертең де басылмайды.

«Оған күннің күрт жылынуы себеп болды.  Су ағысы әлі де қатты.  Одан кейінгі күндері жоғары жақтағы су деңгейі бәсеңдеуге тиіс.  Алдағы аптада адамдар өз үйлеріне қайтып оралады деп ойлаймыз», - деді ол.

Теміртауда тасқын су қаладағы Әлеуметтік қалашық және Ескі қала секілді екі ауданды сумен жабдықтап отырған «Акватрейдинг» ЖШС-ның сорғы стансасын, сондай-ақ Сериополь су жинақтағышын жайлап алды. Қаланың жекелеген аудандарына да ауыз су жетіспей жатыр.

Нұра өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылдық округіне қарасты Сарытөбе кентінде 13 сәуірде 110 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

14 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы Тұзды округіне қарасты «Первое мая» бөлімшесінен 247 адам көшірілді.

Қарағанды облысында соңғы екі тәулікте Шерубай-Нұра және Самарқанд су қоймаларынан жіберілетін су көлемі ұлғайтылды. Самарқанд су қоймасынан  15 сәуірде секундына 1 200 текше метр су жіберілді.

14 сәуірде көп көлемде су жіберілуіне байланысты Самарқанд су қоймасының төменгі жағында орналасқан Чкалов ауылынан 137 адам эвакуацияланып, төрт түлік мал қауіпсіз жерге айдалып әкетілді.

14 сәуірде сағат  18.00-дегі жағдай бойынша, 31 қора-қопсы мен  20 үйді су басқан.  15 сәуір сағат 12.00-де жағдай сол күйі өзгеріссіз қалды.

Теміртау қалалық ТЖБ басшысы Арман Алпысбаев abctv.kz-ке мәлім еткеніндей, бұрнағы жылдары егер секундына 500 текше метр су жіберілетін болса Чкалов ауылы су астында қалатын еді. Абырой болғанда бірнеше жыл бұрын Нұра өзенінің түбі қазылып,  өзеннің арыны бәсеңсіген.

Самарқанд су қоймасынан төменгі жағында орын тепкен Садовое ауылында да  308 адам мен төрт түлік мал қауіпсіз жерге әкетілді.  Қазір ауылда  ТЖБ қызметкерлері мен жергілікті полиция қызметі кезекшілік етіп жатыр.

Мұстафин атындағы ауыл тұрғындары буынып-түйініп даяр отыр. Мұнда 2015  жылғы су тасқынынан кейін  163 үй сүріліп, қайта тұрғызылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Қарағанды облысында алапат су тасқыны орын алған болатын.  Ол кезде  51 елді мекен су астында қалып қойды, жүздеген үй-жай қирап, мыңдаған адам көшірілді.

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті қазіргі сәтте қауырт желі жұмыс істеп тұрғанын хабарлап отыр. Оның нөмірі 8-72156-51-72-23, 8-72156-55-87-86 .
Зардап шеккендер аталған нөмірге хабарласып ақпараттық және психологиялық көмек ала алады. Олар қазіргі жағдай туралы және су тасқыны салдарын жою жөнінде алдағы күндерде қандай шаралар қолданылатыны туралы хабардар ететін болады.

Олег И.Гусев, Әйгерім Сүлейменова

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу