Қызылордада балық ұнын, майын және жемін шығаратын зауыт бар

8070

Зауыттың тәулігіне 10 тонна балық өнімін шығаруға қауқары бар.

Қызылордада балық ұнын, майын және жемін шығаратын зауыт барInbusiness.kz тілшісі Арал ауданында орналасқан «ARAL SEA FOOD» ЖШС-ның жұмыс барысымен танысып, теңіз өнімдерін түрлі бағытта өңдейтін зауыттан фоторепортаж жасап қайтты.

Қызылордада балық ұнын, майын және жемін шығаратын зауыт барБірнеше жыл бұрын ашылған зауыт балық өнімдерін терең өңдеумен айналысады, осы күні пластикалық қайық шығару цехы да жұмысын жандандырып келеді. Өндіріс орнының бірінші кезеңде құны 160 миллион теңгені құраса, жақында ғана іске қосылған екінші кезеңінің жоба құны 125 миллион теңге болып отыр. Зауыт басшылығының айтуы бойынша, «Өңірлік кәсіпкерлікті дамыту» картасына енгізілген жобада бүгінде 5 аралдық тұрғын жұмыс істейді.

Қызылордада балық ұнын, майын және жемін шығаратын зауыт барЗауыттың бір тәулікте 10 тонна өнім өндіруге күші жетеді. Сондай-ақ, 13 тонна балық майын шығаруға да қауқарлы.

Қызылордада балық ұнын, майын және жемін шығаратын зауыт бар- Технологияны Қытай елінен жеке тапсырыспен алдырдық. Цех жақында ашылды. Қазіргі таңда балық ұнын және майын шығарып жатырмыз. Сағатына – 500 келі, тәулігіне – 10 тонна, айына – 260 тонна өнім өндіруге қауқарымыз бар, - дейді «Аста» ЖШС директоры Әбілқасым Бөриев.

Қызылордада балық ұнын, майын және жемін шығаратын зауыт барБалықтың жон етін шығаратын өндіріс орнының қуаттылығы жылына 4000 тоннаны құрап отыр. Жаңа цех балықты қалдықсыз өндіруге барынша күш жұмсауды мақсат тұтады.

Қызылордада балық ұнын, майын және жемін шығаратын зауыт бар- Балық жемі мал шаруашылығына немесе балық шаруашылығына, балық пимтомнигіне қорек ретінде, солардың денсаулығына күш беруге және тез оңалуына көмектеседі. Балық жемі тек Қазақстан емес, ТМД елдерінен де, басқа да елдерден сұраныс бар, - дейді ұн және май шығару цехының шебері Әділхан Қанатбаев.

Қызылордада балық ұнын, майын және жемін шығаратын зауыт барБірнеше ай бұрын Қызылорда облысында Арал өңірі балықшылар слеті өткен болатын. Сонда Арал ауданында орналасқан балық өңдеу цехына Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов та арнайы аялдап, ата кәсіпті түлеткен кәсіпкерлердің жұмысымен танысқан-ды. Сол уақытта балық шаруашылығына қатысты жетістіктер де, мәселе де айтылған болатын. Атакәсіппен айналысып жүрген мамандардың басты мәселесі – теңіз суының аздығы және балықтың азаюы. Слет жанындағы конференцияда бұл мәселелер бүге-шүгесіне дейін айтылған еді.

Қызылордада балық ұнын, майын және жемін шығаратын зауыт барБалық өңдеу шебері Асылзат Бодықова бізге балық өңдеу процесін бастан-аяқ айтып берді. Сондай-ақ, ол жұмысының қиындығы мен қызығы қатар жүретіні туралы әңгімеледі.

Қызылордада балық ұнын, майын және жемін шығаратын зауыт бар- Бірінші балықты қабылдаймыз, салмағын өлшейміз, одан кейін де әртүрлі процесс жүзеге асады. Оған балықты тазалау, қабығын аршу, кесу, өңдеу, жуу, ең соңында тағы салмағын өлшеу, т.с.с. қызмет жатады. Әрқайсысын атқаратын мамандар және аппараттар бар. Арнайы балық сақтау орнында өнімді қаптап, орап, ыңғайлы температурада сақтаймыз. Дайын өнім болуы үшін мұздатып, арнайы қорапқа салып басқа қалаларға, елдерге жөнелтеміз, - дейді ол.

Қызылордада балық ұнын, майын және жемін шығаратын зауыт барБүгінде аталған серіктестік Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін «Еврокод» белгісін алған. Өңделген балық өнімін Қазақстанның кез келген қаласына, шетелге экспорттайды. Барлық заманауи құрал-жабдығы, қатыру құрылғысы, бөлмесі, ең бастысы өз ісін жетік білетін мамандары бар зауыт алдағы уақытта өнім өндіру көлемін арттыруды көздеп отыр.

Қызылордада балық ұнын, майын және жемін шығаратын зауыт барҚызылордада балық ұнын, майын және жемін шығаратын зауыт барҚызылордада балық ұнын, майын және жемін шығаратын зауыт бар

Рыскелді СӘРСЕНҰЛЫ

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу