Мамандар параны амалсыздықтан алады – А.Шпекбаев

Қоғамды артқа тартушы жемқорлықты қалай тоқтатамыз? Әлде қазақтың қанына сіңіп, ұлттық идеологияға айналғаны ма? «Пара алып ұсталып, қайтадан пара беріп құтылып кетіпті» деген әзіл шындыққа жанасқан ба? Бүгінгі бағдарламада жең ұшына жалғасқан осы дертті талқылаймыз. Армысыз ағайын, бұл «Анығын айтсақ»! Парақорлардың қорқынышты түсіне айналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев ортаға біраз ой тастады. Оның сөзінше, «мемлекеттік органдардың ашықтығына, жазалау шараларына қарамастан, мемлекеттік қызметшілердің жалақысының төмендігі, сыбайлас жемқорлықты азайтуға айтарлықтай кедергі келтіруде» екен.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу