Кей елдерде инфляцияның деңгейін өлшейтін қызық тәсілдер бар екен. Адамдар күн сайын жапатармағай сатып алатын нақты бір тағам түрінің нарықтағы бағасын бақылауда ұстап, инфляцияның деңгейін сондан анықтайды. Ондай тағамдар борщь, пицца, хачапури, немесе жергілікті ұлттық тағам түрі болуы мүмкін. Мұндай тәсіл Өзбекстанда да төрт-бес жылдан бері қолданып жүр. Өзбек ағайындар «Палау индексін» жасап тұрады.