Алматы облысында көрікті жерлер өте көп. Мұнда тау мен тас та, көл мен шөл де бар. Барлығы үйлесімді бірігіп, қайталанбас ғажайып көрініске айналған. Аймақтың табиғаты өте ерекше. Бір күнде шөл даладағы сусылдаған құмнан өтіп, айнадай жарқыраған көлге жетіп, жайқалған нулы орманды аралап, қар басқан таудан бір-ақ шығасыз. Бұл өңірдің тарихы да тереңде. Археологиялық, этнографиялық, табиғи ескерткіштерге аса бай. Ел егемендігінің символы «Алтын адам» осы аймақта табылған. Әлемде сирек кездесетін Согдиан шаған ағаштары да дәл осы өңірде тамырын тереге жайып тұр. Бұл өңір туралы аңыздар Қазақстанға ғана емес, шетелге де кең тараған. Сондықтан туристердің сүйікті мекені.