Маңғыстау Үстірті

Осыдан 5 миллион жыл бұрын Маңғыстау жері Лавразия мен Гондвана суперконтиненттерінің арасын алып жатқан Тетис мұхитының мекені болды. Мыңжылдықтар жүзжылдықтар артта қалды. Теңіз суы кетіп, жер құрғады. Осы кезде фантастикалық пейзаждар, жерасты үңгірлер қайталанбас ландшафты құрады. Маңғыстау Үстірті бүгінде тылсым табиғатымен еліміздің көп саяхатшыларын өзіне тартуда. Үстіртте болған әр адам өзін басқа ғаламшарға барып келгендей сезінеді. Бұл алқаптың ақ борлы таулары мен шегі мен шеті жоқ аппақ даласы кез келген туристі өзіне баурап алады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу