Жамбыл облысы

Қазақстанның ең көрнекті тарихи-мәдени жәдігерлерге бай аймағы-Жамбыл облысы. Қазақ Хандығының іргесі қаланған қасиетті мекен осы. Қазақ халқын бастаған Жәнібек пен Керей сұлтан Шу бойы мен Қозыбасы өңірі аралығына келіп, Қазақ Хандығының туын тігеді. Тараз қаласының батыс қақпасынан кірер жолдың бойында алыстан мен мұндалап көрінетін еңселі ескерткіш осы құнды деректің құрметіне тұрғызылған. «Қазақ хандығы» монументі Тараз қаласының төріне көрік беріп тұр. Елін рухтандырып тұр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу