Арынды өзен Ертістің жағасынан орын тепкен Павлодар. Аңыз аймақтың бүгінгі нысанасы. Павлодар облысы. Шахар тарихы тереңде. 300 жылдық тарихы бар. Аймақтың аңыз-әпсаналары да бөлек. Әулие әмбиелері де бір төбе. Иесі мен киесі бар. Табиғаты тамылжыған құтты мекен. Павлодар дегенде ең алдымен қойнауы шежіре мен жұмбаққа толы Баянауылы ойға оралады. Баянауыл - арқаның қазынасы.