Маңғыстау 362 әулие мекен еткен қасиетті жер. Мұнда мәдени ескерткіштер, қорымдар мен жер асты мешіттері өте көп. Солардың бірі Шопан ата қорымы. Қорым Сенек ауылының солтүстік шығысынан 25 шақырым жерде жатыр. Ел іші Шопан атаны Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті деп біледі. Аңыздарға үңілсек, Бір күні ұстаз Яссауи шәкірттерін жинап, садақ тартқызады. «Садақ оғы қайда түссе, сол маңға мешіт салыңдар» дейді.