АХҚО - Еуропа мен Азия арасындағы қаржы көпірі

Бұл - Астананың 20 жылдығына Атырау өңірінің атынан тарту етілген бағалы сый, яғни жаяу жүргіншілерге арналған көпір. Әкім Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, сыйдың құны облыс бюджеті үшін 6 млрд теңгеге шыққан. Асықпай, серуен құрып, Есілдің үстімен өтуге таптырмайтын орын-ақ болмақ. Велосипедпен де жүруге мүмкіндік бар. Көпірдің жалпы ұзындығы 313 жарым метр болса, ені 10 жарым метр. Салмағы 1 мың 920 тонна. Қымбат көпірді Президентті өзі ашты. Гонг соғылды, демек енді Қазақстанның да әлемдік қаржы нарығында өзгенің де, өзінің де құнды қағазын басқарып, кез келген валютамен жасалатын сауданы ұршықша иіретін тағы бір алаңы бар. Президент ұсынып, Қайрат Келімбетов қолға алған идея небәрі 3 жылдың ішінде, міне, осылайша жүзеге асты. 

Спикерлер: Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев; Ислам Даму Банкінің Президенті - Бандар Хадж; «Nasdaq» қор биржасының Басқарма Төрағасының орынбасары - Сэнди Фрушер; «Ресей жинақ банкі» Басқарма Төрағасы - Герман Греф; «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы - Қайрат Келімбетов; ҚР Қаржы министрі - Бақыт Сұлтанов; ҚР Премьер-министрі -  Бақытжан Сағынтаев; Smart farming жобасының авторы - Руслан Рахымбай.

Тілші: Құралай Пионер.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу