Алматының бизнес ахуалы

Алматы – Қазақстанның қаржы орталығы. Қала бүгінде жалпы ішкі өнімнің бестен бірін, ал қазына түсімінің төрттен бірін құрайды. Шағын және орта бизнес  қала экономикасының 33 пайызын  қамтиды. Бүгінде мұнда 173 мың шағын және орта бизнес нысаны бар. Ал былтыр олардың саны 7 пайызға  өскен. Әрбір 3-ші алматылық бизнес саласында жұмыс істесе, әрбір оныншының өз кәсібі бар. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың пікірінше, Алматы арқылы Қазақстан бизнесінің даму моделі қалыптасуы тиіс. 

Спикерлер: Тимур Құлыбаев - «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы; Бауыржан Байбек - Алматы  қаласының әкімі; Марат Томпиев - Құрылыс заттары өндірісі қауымдастығының президенті; Александр Папп – «Келет»  АҚ директорының орынбасары; Ирина Хон - Happylon компаниясының қаржы директоры; Абылай Мырзахметов, - «Атамекен»  ҚР ҰКП Басқарма төрағасы; Сәбит Аманбаев - ҚР Авто тасымалдаушылар қауымдастығының басшысы; Бағдат Телебай - Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры; Диас Ахметқалиев - Алматы қаласы Табиғатты қорғау шаралары және қалдықтарды басқару бөлімінің басшысы.

Тілші: Жания Әбдібек.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу