Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының есебі бойынша жыл сайын босану не жүктілік кезінде 830-ға жуық әйел өлім құшады. Оның үстіне бұл жағдайлардың 99%-ы дамушы мемлекеттерде орын алады. Ана өлім-жітімінің жоғары көрсеткіші ауылдық мекендер мен кедей мемлекеттерде жоғары болған. Дегенмен, білікті маман мен уақытылы алдын алу шараларын жүзеге асыру ана мен бала өлімі көрсеткішін 44%-ға дейін азайтқан. Сондықтан, уақыт барда денсаулыққа барынша күтім жасаған абзал.
Корреспондент: Гүлжайна Өмірбек