24 маусым. Арыс қаласындағы оқу ошақтарының бірі - Ұлы Отан соғысы ардагері Иван Журба атындағы мектептің жазғы демалысы басталған-ды. Ұлттық бірыңғай тестілеуді ойдағыдай аяқтап, оқушыларды таратып, мектеп ұжымы демалысқа кеткен. Бірақ мамыражай жатқан қаланың тыныштығын таңғы 9-да қару-жарақ тұрған қоймалардағы жойқын жарылыстар бұзды. Мектеп ғимаратын жарылыстың толқыны жайпап өтіп, демалыстың да, ауыр құрылыстың тас-талқанын шығарды....Бүгінгі Арыстың мектебінің жайы қандай? Арнайы репортаждан көріңіздер! Автор: Жания Әбдібек