Астанадағы кәсіпкерлік тынысы

«Кәсіптің ең тиімдісі – адамдарға өз армандарын сату!», - деген екен. Бұл қанатты сөздің байыбына барып көрсек, әлемнің дамуы – арманға деген құлшыныспен өлшенері анық. Адамдарда қажеттіліктің артуын  экономиканың қарапайым заңымен түсіндірсек, бүгінде ұсыныстан сұраныс басым тұр. Сондықтан, кәсіптің небір түрі күн санап көбеюде. Жалпы еліміздің емес, Астанадағы ғана кәсіпкерліктің тыныс  - тіршілігін тарқатып көрейік. Еліміздің Жалпы ішкі өнімінің 11 процентін Астана толтырады екен. Алматыдан кейінгі екінші орында екені түсінікті. Бас қала бюджетінің басым бөлігі бизнестен түскен табысқа негізделеді. Осылайша Елорда, бүкіл Қазақстан 2050-шы жылы жетеді деген жоспарды бағындырып үлгерді. Кәсіпкерлікті дамыту мәселесі мұнда аса жылдам қарқынмен жүруде. Соның бір дәлелі деп жыл сайынғы Астана кәсіпкерлерінің конференциясын атауға болады. Билік пен бизнестің бір шаңырақта тоғысқан тұсында жылда сан-алуан ой-пікірлер ортаға тасталатын. Биыл  да сол үрдістен ажырамай мамандар көкейдегі барын жайып салды. «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, қала әкімі Әсет Исекешев, бизнес қауымдастық пен өзге де қатысушылар елорда тірлігін белсенді баяндады. Себебі, жиында айтылғандай, Астанадағы барлық бизнес-инициативалар бүкіл Республикаға үлгі болмақ. 

Спикерлер: Тимур Құлыбаев - «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы; Әсет Исекешев - Астана қаласының әкімі; Ерлан Сүлейменов - «Олимп» клиникалық зертханалар желісінің директоры; Тимур Құлыбаев - «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы; Ғани Тасмағанбетов - Астана қалалық Кəсіпкерлер палатасының директоры; Қыдырәлі Болманов - продюсер.

Тілші: Жалғас Зейнолла.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу