Барлығы өңді киім-кешегін дайындап, үй-жайын тазартып, аула-қорасын реттеген. Бұтақтың бүршік атқанынан бастап, бұқара жиналып, ән шырқап, би билеп, мол дастарқан жайып тойланған мерекенің бірі Наурыз. Сіз білесіз бе осы Мейрам 5 мың жыл бойы тойланып келеді екен. Әз-Наурызды атап өту қандай өзгерістерге ұшырады? Көктем мерекесі әкім-қараның киіз үйде көңілін көтеретін отырысқа айналып бара жатқан жоқ па?