Біздің шенеуніктер сандардан сурет салғанды жақсы көреді. Сондықтан болар, өткен жылы Туризм министрлігі Қазақстанға келген турист саны бір жылда 10 миллоннан асты деп есеп берді. Бірақ Президент бұл ақпаратқа күмән келтірді. Осы жерде заңды сауал туады: біз осы қонақтарды қаншалықты сапалы күтіп алып жатырмыз? Өйткені ішкі туризм өзге түгіл өзімізге шыдас бере алмай отыр.