Бала тәрбиесіне жұмсалған қаржы – Болашаққа құйылған инвестиция

Арыс. 2019-шы жылдың 24-ші маусымы 48 мыңнан астам тұрғыны бар қаланы дүр сілкіндірген жойқын жарылыстан бері 9 ай өтті. Біздің түсірілім тобы Арысқа арнайы ат басын бұрып, апаттан кейінгі қала тіршілігімен танысып қайтты. Тұрғындар мамыражай өмірге қайта оралған. Әдеттегідей 8 наурыз қарсаңындағы мерекелік көңіл-күй. Ән мен күй, би және гүл шоқтары. Бұл балалардың аналарына дайындаған сыйы. Арыстағы «Алтын тұмар» балабақша бөбектерінің мәз-мейрам көңіл-күйіне қарасаңыз апаттың сызы қалмағандай. Бүлдіршіндер бала боп қуанып, шаттанып жүр. ШВХ Бұл өскелең буынның бағына орай, олар жарылыс туралы тек ел аузынан естіп немесе тарих беттерінен ғана білетін болады. Сол күнгі сұмдық жағдай баланың жадында қалмаса екен дейсің. Дегенмен ересектердің есінде. Дәл осы "Алтын тұмар" балабақшасында апат болған күні 113 бала эвакуацияланды. Бұл балабақша басшысы Гаухар Уәлиханованың біліктілігінің арқасы деуге болады. Ол бірден шұғыл шешім қабылдап, қызметкерлеріне бүлдіршіндерді сыртқа шығаруды тапсырған. 8 наурыз қарсаңында біз түсірім тобымызбен Гаухар Шыналбайқызын құттықтап қайттық.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу