2015 жылы Мемлекет басшысы қаржы реттеушісіне елдегі банктердің активтерінің сапасын тексеру туралы тапсырма берген болатын. Осы бағытта, қазірге дейін тиісті зерттеу жұмыстары жүргізіліп, проблемалар анықталып жатыр. Соның бірі – қайтарылмаған несие. Оның көлемі артқандықтан кейбір банктердегі актив сапасы нашарлап, бәсекеге қабілеттілігі төмендеген. Осыдан кейін банктердің кейбірі лицензиясынан айырылса, ал енді бірі ірі банктердің қарамағына өтіп жатыр. Банк секторындағы бірігу жұмыстары осылай басталған болатын.
Спикерлер: «Қазақстан Халық банкі» АҚ Басқарма басшысы - Үміт Шаяхметова; ҚР Ұлттық банк төрағасы - Данияр Ақышев; ҚР Ұлттық экономика министрі - Тимур Сүлейменов; Centras Group компаниясының негізін қалаушы - Елдар Әбдіразақов; ҚР Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары - Олег Смоляков; TeleTrade қаржы тобысының бас сарапшысы - Марк Гойхман; Тengri Bank АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары - Мұхтар Бекқали; ҚР ҰБ Банктерді қадағалау департаментінің директоры - Олжас Қизатов.
Тілші: Жания Әбдібек.