Білім несиесі – “Арнайы репортаж”-дың кезекті саны осы тақырыпта өрбиді. Бүгінде білім алудың 3 жүйесі қалыптасқан. Бірінші - грант, яғни мемлекет есебінен тегін білім алу, екінші – өз қаражаты есебінен оқу, үшінші – екінші деңгейлі банктен бігімге несие алу арқылы. Жалпы несиеге білім алудың алғашқы жолы елімізде 1999-2005 жылдары жүргізілген. Баллы жоғары, бірақ грантқа түсуге жетпей қалған абитуриентке қарыз берілді. Бірақ енді “Қаржы орталығының” кепілдігімен банктерге беру жүктетілген.
Спикерлер: Қаржы орталығы АҚ менеджері - Қуаныш Мәулет; борышкер - Дәурен Рабилов; Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы - Мақсат Аралханов; Қаржы орталығы АҚ менеджері - Алпамыс Сатыбалдин.
Тілші: Құралай Пионер.