Coin дәуірі. Криптовалюта

Енді бірер жылдан кейін әлемдік қаржы секторы виртуалды ақшаға тәуелді болуы мүмкін. Оған себебі - криптовалютаның енуінде. Бұған дейін оның болашағы бұлыңғыр болып келгені бар еді. Қолмен ұстап, көзбен көрмесең соң, көпшілік оған сенбейтін. Бірақ сандық ақшаға деген көзқарас биылдан бастап күрт өзгеріп отыр. Тіпті қаржы институттары да оны айналымға енгізуге мүдделі. UBS, State Street бастаған әлемдегі озық 10 банк қыркүйекте жеке криптовалютасын шағаратынын жария етті. Қазақстанда бұл қатарға кіруге ниетті. Бүгінде криптовалюта нарығында "майнер" деген жаңа кәсіп иесі пайда болды. Біздің майнерлер өздерін "криптоқазақ" деп те атайды қазір.

Спикерлер: Cryptech Exhibiator компаниясының өкілі - Мақсат Жұбаев, АХҚО әкімшілігі АҚ Сандық технология жөніндегі директоры - Әсел Жиенбаева, майнер - Әділбек Шұңғұлов, бизнес-тренер - Ерлан Думанұлы, GMT Legal компаниясының серіктесі - Дмитрий Мачихин, Астана халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы - Қайрат Келімбетов.

Тілші: Құралай Пионер.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу