Аз уақыт бұрын қызу тіршілік қайнаған Ухань қаласының 11 миллионға жуық тұрғыны үрей құшағында, үйлеріне қамалып отыр. Қытайдың қазіргі қарсыласы – коронавирус көз ілеспес жылдамдықпен дүние жүзінде дүрбелен тудырып, трендтегі басты тақырыпқа айналды. Жоғары жылдамдықты интернет пен жыл сайын түрленетін технологиялар заманында адамзат баласы қалайша көзге де көрінбейтін қарсыластан жеңіліп жатыр? Коронавирустың таралғаны кім үшін тиімді? Эпидемиядан жаһандық экономикаға қандай қауіп төнеді?