Астана. Экспо. «Болашақ энергиясы». Баламалы қуат көзінің алуан түрі осы жазда әлем назарына ұсынылады. Көрмеге қатысушы әр ел экологиялық таза энергия өндірудің жолын көрсетеді. Экспода павильон орнатып, озық технологиясын паш етуге асыққан 100 елдің бірі – Финляндия және бұл ел - көрмеге Солтүстік Еуропадан қатысушы жалғыз мемлекет. Фин павильонында «таза технологиялардан» басқа цифрлік шешімдер, білім бағдарламалары, денсаулық сақтау және медицина саласындағы технологиялар, сонымен бірге бүкіл әлемге әйгілі фин дизайны ұсынылған.
Спикерлер: Финляндия павильонының авторы - Киви Сотамаа; энергетикалық компанияның басшысы - Харри Отила; энергетикалық компанияның өкілі - Хелена Сарен; Финляндия Республикасының сыртқы сауда және даму жөніндегі министрі - Кай Мюккянен; Финляндия павильонының Бас комиссары - Севери Кейняля; Arctia компаниясының коммуникациялар жөніндегі менеджері - Эеро Хокканен; әуе компаниясы Президентінің орынбасары - Микко Туртиайнен; Финляндия Тәуелсіздігінің 100 жылдық мерейтойының елшісі - Пекки Хухтаниеми.
Тілші: Айбек Құрмет.