Гамарджоба, Грузия!

Грузия – бұл Кавказ қыраттарының батысы мен Қара теңіздің шығыс бөлігінде орналасқан шағын мемлекет. Жалпы ел аумағы 69 мың 700 шаршы шақырымды құрайды. Географиялық құрылымына қарай оны Азияға да, Таяу Шығысқа да, тіпті Еуропаға да жатқызуға болады. Сырттай «Грузия» деп біз атағанымызбен, еуропалықтар үшін ол «Георгия», «Джордиа», ал жергілікті халық «Сакартвело» деп айтады. Бүгінде тұрғын саны мұнда 5 млн-ға жуықтаған. Ең бастысы,  Грузия – табиғатқа, жерасты суға, мәдени мұраға, аңызға, ас-ауқатқа, шарапқа, ән-биге шексіз бай ел. Арнайы репортаж барысында соған көз жеткізесіз!  

Спикерлер: Мариам Лашхи - Грузия Инновация және технология агенттігі Халықаралық қатынастар департаментінің басшысы; Георгий Чоговадзе - Грузия Ұлттық туризм әкімшілігінің басшысы; Георгий Мошиашвили - мейрамхана-мұражай қожайыны; Давид Суджашвили - Турагенттік өкілі; Наталья Джинашвили - дәрігер, Дарья Гоксан - «Риксос-Боржоми» қонақ үйінің басқарушы директоры; Отар Оношвили - Аспалы жол механигі.

Тілші: Құралай Пионер.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу