Ғылымның жаңа драйвері: агротехнопарктер үмітті ақтай ма?

Қазақстанда ғылым бар. Жас ғалымдар саны артуда. Идея да жетеді. Бірақ неге сол идеялар дүкен сөресіне өнім болып түспейді? Неге фермер әлі күнге дейін шетелдік технологияға тәуелді? Жыл сайын ғылымға қаржы бөлінеді. Жобалар қорғалады. Есеп беріледі. Ал нәтиже қайда? Ғылыми жаңалықтардың басым бөлігі лаборатория қабырғасынан аса алмайтыны қалай? Нарыққа жетпейді. Экономикаға әсер етпейді. Енді осы тұйық шеңберді бұзу үшін жаңа құрал пайда болды. Ол - агротехнопарктер. Жаңа орталық - жаңа үміт пе?

Спикерлері:

Ержан Айнабеков, Агротехнопарк директоры 

Гүлназым Оспанқұлова, Биология ғылымдарының кандидаты, профессор 

Линара Мұрат, Жас ғалым 

Гауһар Ақшораева, Агротехнопарктің зертхана меңгерушісі 

Ақгүл Кәсіпхан, Агроэкологиялық сынақ орталығының меңгерушісі, PhD 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу